№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 12 дүркін чемпиондар

12 дүркін чемпиондар

Жақында ғана аудан гандболының жарық жұлдызы Жанерке Сейітқасым туралы мақала жазған едік. Жиырма жастан енді асқан арудың келешегінен көп үміт күтетінімізді, оның әрбір жеткен жетістігін саралап, ой түйдік. Міне, сол Жанерке бастаған Сыр гандболшылары биылғы жылы да топ жарып, 12 дүркін ел чемпионы атанды.


 Гандболдан әйелдер командасы арасында ҚР чемпионатының плейофф, яғни супер лига кезеңі аяқталды. Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде өткен чемпионаттың әрбір ойыны тартысты өрбіді. Қызылордалық «Қайсардың» қайсар қыздарына ешкім де төтеп бере алмады. Алтын жолда алтайлық қыздарды, шырайлы Шымкент гандболшыларын қапы қалдырған қайсарлық бұрымдылар алтын мойынға тақты. Күміс Шымкент, қола Шығыс Қазақстанға кетті.

Сондай ақ, марапаттау рәсімінде біршама бапкерлер биік мінберден көрінді. Олардың арасында 12 дүркін чемпион болуға Гандболдан облыстың аға жаттықтырушысы Ольга Егунова мен «Қайсар» гандбол клубының президенті, бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким сынды тұлғалардың еңбегі ерен екенін атап өту керек.

Бұл жеңістің үлесінде жаңақорғандық арулардың да еңбегі зор. Қайсар құрама команда сапында Жаңақорған ауданының спортшылары гандболдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сейітқасым Жанерке мен ҚР спорт шебері Нағима Шермағанбетова өнер көрсетті. Сонымен қатар Супер лига жарысында Сейітқасым Жанерке “Үздік ойыншы” номинацисымен марапатталды. Қос спортшының жаттықтырушысы Құнанбай Салыбеков екенін еске сала кетейік.

– Жыл сайын қазақ гандболының деңгейі көтеріліп келеді. Қарсыластардың да әлеуеті артып, жастар жасындай жалындап келеді. Биыл үздік атанып отырмын, өте қуаныштымын. Бұйырса келер жылы байрақты бәсекелер күтіп тұр. Топ жарып, жүлде алуға бар күш-жігерімді саламын. Әрине, алдымен ұлттық құрамаға шақырту алу керекпіз. Ағайларыма, командасалтарым мен жерлестеріме үлкен алғыс білдіргім келеді. Ең бастысы, ата-анама мың рахмет, – деді чемпион қыз Жанерке.

Жалпы Сыр қол добының тарихы тым тереңде. Ұлттық құраманың жартысына жуығын біздің облыс командасының арулары толықтырып жүр. Көбісі жас спортшылар, биыл мол тәжірибе жинаған қыздар келер жылы әлемдік ареналарада ел намысын жоғары ұстауға дайын.

– Биыл облыс құрамасын Нағима есімді шәкіртім толықтырды. Жақсы нәтиже көрсете білді. Алайда, Жанеркенің орны бөлек, кешегі ойында ол өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұйырса келер жылы үмітіміз өте көп. Оның үстіне, Олимпиада ойындарына 2 жылдай уақыт қалды. Қыздардың дайындығы жақсы, бұйырса қызылыордалық қыздар ұлттық құрамамен сүйіншілейді деп ойлаймын, – дейді қос арудың алғашқы және жеке бапкері Құнанбай Салыбеков.

Біздің қыздардың соңғы 5 жылын алып қарасақ әжептеуір жетістік бар. Сыр өңірі аудандары арасынан үздікпіз, тек облыс орталығынан бәсіміз төмендеу екені рас. Бапкерлікке Құнанбай Салыбеков келгелі аудан гандболы биіктей түсті. Жанеркенің ізін басып жүрген бұрымдылардан құралған «Сығанақ» командасы облыс біріншілігінде үнемі үздік үштіктен түспей келеді. Құнанбай Салыбековтың төл шәкірттеріне әзірге қала құрамасы ғана төтеп бере алуда. Ал аудандар арасынан алтын біздің қыздардың қанжығасында.

Әли Темірбек

29 желтоқсан 2022 ж. 595 0