Әскерилердің дене даярлық деңгейі тексерілді
Қазақстанның Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының офицерлері Қызылорда гарнизонында жеке құрамның дене даярлығын тексерді.
Тексеру барысы екі күнге созылды. Бөлім жеке құрамы белтемірге тартылу, 100 метрге жылдамдықпен жүгіру және 3000 метрге төзімділікке жүгіру жаттығуларын орындады. Сонымен қатар, жекпе-жек күрес тәсілдерінің шеберліктеріне де баға берілді. Әскери әйел қызметшілер жас ерекшеліктеріне қарай 100 және 1000 метрге жүгіру мен кешенді күш жаттығуларынан сынақ тапсырды. Дене дайындықтарынан нормативтер тапсыру барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.
Дене даярлығын тексерудің мақсаты – бөлімдегі әскери қызметшілердің денсаулығын нығайту мен сақтау болып табылады.
- Бөлім жеке құрамының мұндай сынақтарды тапсыруы алғашқы рет емес. Көптеген дене даярлығы нормативтерін тапсыру кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Осы жолы да әскери қызметшілер жақсы нәтижелер көрсетті. Айта кетсек, сынақта офицерлер құрамынан капитан Вадим Федосеев үздік атанса, сержанттар құрамынан сержант Архат Елікбай жақсы көрсеткіш көрсетті. Осының бәріне бөлімдегі жауынгерлік жоспарға сай өтетін дене жаттығуларының уақтылы және сапалы орындалуының арқасында қол жеткізілді, - деді әскери бөлімнің дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Нұрдидар Құдайбергенов.
Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының офицерлері жеке құрамның дене дайындығын тексеріп қана қоймай, денені шынықтыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар да өткізді.
Қорыта келе, бөлімнің жеке құрамы тарапынан тапсырылған сынақтар кезінде дене даярлығының жақсы деңгейі мен әскери қызметшілердің өзара үйлесімділігі байқалды.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров