№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЕУРО-2020: Ресей жарысты жеңіліспен бастады

ЕУРО-2020: Ресей жарысты жеңіліспен бастады

Бельгия құрамасы Еуропаға жорығын жеңіспен бастады. Олар алғашқы ойында Ресей құрамасын жеңіп, 3 ұпайға қол жеткізді. Аталған матч Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Ойын барысында қос құраманың алма-кезек шабуылы көзге түсті. 
Бельгиялық құрама сапынан Ромелу Лукаку 10-минутта есеп ашса, 34-минутта Тома Мёнье есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде ресейлік футболшылар алға қарай ұмтылды. Оған бельгиялықтар өз деңгейінде қарсылық көрсетті. Кейбір сәттерде олар да басымдығын арттырды. Ромело Лукаку 88-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Бельгия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
13 маусым 2021 ж. 554 0