№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бензема ұлттық құраманы толықтырды

Бензема ұлттық құраманы толықтырды

Испанияның «Реал Мадрид» командасының шабуылшысы Карим Бензема алда өтетін ЕУРО-2020 чемпионаты барысында Франция ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетуге шақырылды.
Атақты аяқдопшы бұдан алты жыл бұрын, яғни 2015 жылы ұлттық құрамадан шеттетілген болатын. Оған «командалас әріп­тесі Матье Вальбуенаға орын­сыз қысым көрсетті, тіпті одан ақша бопсалады» деген айып тағылған еді. Биыл жасы 33-ке толған футболшы 2016 жылғы Еуропа және 2018 жылғы әлем чемпионаттарына қатысқан жоқ.
Мәселенің бұлай шешілуіне көп күш жұмсаған адам – футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам. Оның айтуына қарағанда, бұл қадамға бару оңай болған жоқ екен. Карим екеуі ұзақ әңгімелескен көрінеді. Сөйтіп ортақ мәмілеге келген. Яғни «Франция Бенземаға керек, ал Бензема Францияға керек». Осыған тоқайласқан.
Сонымен қатар фран­цуз­дардың ұлттық құрама сапы­на «Тоттенхэмде» өнер көр­сетіп жүрген Уго Лло­рис, Мұса Сиссо­ко, «Эвер­тон» ко­ман­дасы­ның сол қаптал­дағы қор­ғау­шысы Лукас Дин, «Чел­сидің» жаңа жұлдыз­дарын, Голо Канте Курт Зума мен Оливье Жиру, сондай-ақ «Ман­чес­тер Юнай­тедтің» бел­ді ойыншысы Пол Погба, тар­тылыпты.

23 мамыр 2021 ж. 289 0