» » Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесі белгіленді

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесі белгіленді


2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем біріншілігінің ойын кестесі жарияланды деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz

Дүбірлі дода 2022 жылғы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катардың жеті қаласында өтеді.
Топтық кезеңнің матчтары 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығына белгіленген. 3-6 желтоқсанда 1/8 финалдық кездесулер өтеді. Ширек финал ойындарын 9-10 желтоқсанда, жартылай финалды 13-14 желтоқсанда өткізу жоспарланған.
Үшінші орын сарапқа салынатын матч 17 желтоқсанға, ал әлем кубогының финалы 18 желтоқсанға белгіленген.
Сонымен қатар, ҚазАқпараттың мәліметінше, топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қараша күні Әл-Хор қаласындағы "Әл-Байт" стадионында өткізіледі. Әлем біріншілігінің алғашқы матчында Катар мен А тобында сынға түсетін ұлттық құрама кездеседі.
Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған. Матчтар елорда уақытымен 16.00, 19.00, 22.00, 01.00-де басталады. Ал үшінші тур мен плей-офф ойындары елорда уақытымен 21.00, 01.00-де өткізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгіленгенін хабарлағанбыз. Аталған еурокубок ойындары пандемияға байланысты тоқтатылған болатын.
16 шілде 2020 ж. 689 0