Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түгіскендік балуандар топ жарды

Түгіскендік балуандар топ жарды

Жаңақорғанда қазақ күресінің шоқтығы биік. Бұған жуырда ғана облыс орталығында Ұлттық спорт түрлерінен өткен фестивальде командалық есепте бірінші орын алғаны дәлел. Белбеу күресінен әлем чемпионы Мереке Құдайбергенова қыздарды бастап барса, ұлдар командасына Қазақ күресінен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Бақдәулет Төлегенов жетекшілік етті.

– Әуелі жеке-жеке салмақ бойынша өзге аудан­нан келген команда мүшелерімен тартыстық. Қыздар арасындағы белдесуде Диана Қайбулина 52 кг салмақ дәрежесінде бірінші орын иемденсе, 78 кг салмақта Меруерт Әбубәкір қарсыласты осал тұсын тауып, турнир жеңімпаз атанды. Ал, Назерке Қалкөз 57 кл салмақта екінші орыннан көрінді, – деді Мереке.
Ал, Бақдәулеттің айтуынша, Ермахан Қамар 66 кг салмақта, Мансұр Рақымжан 82 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынды місе тұтқан, 90 кг салмақпен Нұрлан Пайзуллаев екінші орынға жайғасса, Алдаберген Нұрберген 100 кг салмақта күмісті еншіледі. Айберген Алдаберген Сырдария, Қармақшы, Жалағаш ауданының намысын қорғаған палуандарды ұтып, «Түйе палуан» атанды. Мінекей, жігер, өшпес рух! Мұндай шешуші сәтте команданың намысын қорғаған жетекшілері де намысқа тырысып, қарсыластың осал тұсын тауып, Мереке чемпион атанса, Бақдәулет күміске табан тіреген.
Қазақ күресінің беделін биіктеткен Жаңақорған командасының мүшелері – түгелдей түгіскендіктер екенін айту керек. Жалынды жастарға Әбсаттар Садықов қазақ күресінің қыр-сырын үйретіп, жауапты жарыстарда жүлде алуына дайындайды.
–Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты. Команда мүшелерінің сан түрлі сайыста топ жарып, аудан атын асқақтатуының негізгі себебі – бапкерден үйренген ширақтық пен біліктіліктің арқасында. «Жеңіліп бара жатсаң да, жеңісті ойла» деп рухани демеп, моральды түрде сайысқа дайындайтын білікті жаттықтырушының арқасында ешқашан сағымыз сынған емес, – дейді команда капитаны Бақдәулет Төлегенов.
Рас қазақ күресі дегенде көнеден жалғасын тауып келе жатқан алыптардың айқасы мен күрескерлігі еске түседі. Әсіресе бүгінгідей жаһандану заманында төл спорттың бұл түрін жаңаша жандандырып, жастық ерік-жігері мен қайсар күшін сарқа жұмсап жүрген мұндай жеңімпаз жастардың жігері мен патриоттық рухы көпке үлгі болуы тиіс. Кіл мықтылар бас қосқан боз кілемде аспай-саспай қарсыласына ұтқыр әдіс жасау екінің бірінің қолынан келмейді.
Айта кететіні, командалық есепте бірінші орын алған жаңақорғандық балуандар қыркүйек айында өтетін республикалық фестивальге жолдама алды.

Ханым ТӨРЕХАН
17 тамыз 2019 ж. 1 012 0