№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » БІШКЕК ҚАЛАСЫН МАНАС ДЕП ӨЗГЕРТУ ҰСЫНЫЛДЫ

БІШКЕК ҚАЛАСЫН МАНАС ДЕП ӨЗГЕРТУ ҰСЫНЫЛДЫ


Бішкек атауы қала аудандарының біріне ауысуы мүмкін. Бұл жөнінде  
zhanaqorgan-tynysy.kz  сайты Zakon.kz порталына  сілтеме жасап хабарлады. 
Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы басшысы Эмильбек Каптагаев ел астанасы Бішкек атауын Манас қаласы деп өзгертуді ұсынды. Ол, сондай-ақ, Бішкек атауын қала аудандарының біреуіне беру қажет деп санайды. 
«Кейіннен, бірнеше жыл өткеннен кейін кіріспес үшін бізге елорда атауын Манас деп қазірден өзгерткен дұрыс шығар? Бұл әділетті болар еді... Ал қазіргі Свердлов ауданын Бішкек ауданы етіп өзгерту керек. Себебі, дәл осы ауданда Пішпек бекінісі орналасқан және Бішкек қонысы болғаны да әбден ықтимал... Ал Бішкек батырының болған-болмағаны әлі де даулы мәселе болып отыр. Себебі, аңыз-әңгімеден басқа ешқандай тарихи дәлелді факті жоқ», - деп жазды ол өз Facebook парақшасында. 
Оның бұл ұсынысына пікір білдірушілердің бірқатары қолдау көрсетсе, астана атауын өзгертуге қарсылық білдіргендер де табылған. 
Эмильбек Каптагаев мұндай ұсынысты Қазақстанның бас қаласының атауы өзгертілуіне байланысты жасап отыр. 
25 наурыз 2019 ж. 835 0