Бес ауылдың белесі
Аудан әкімі Мажит Самитов ауданның батыс беткейінде қоныстанған 5 ауылдық округтегі ағайынның тыныс - тіршілігімен танысып, тұрғындардың ұсыныс - пікірлерін тыңдады.
Алғашқы сапар Байкенже ауылдық округінен басталды. Ауыл жұртшылығы елді мекендегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Бұл ауылда 150 орындық мектептің құрылысы, Билібай елді мекенінде #255 негізгі мектепке қосымша спорт залы мен 20 орындық асхана құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Байкенже ауылындағы Қожамберді батыр, Қ.Сіргебайұлы көшелеріне жарық шамдарын орнатуға, Ә. Оңғарбайұлы, Ө.Дүйсенов, Ә.Жолтаев, М.Пәрменқұлұлы, көшелеріне күн сәулесімен қуат алатын жарық шамдарын орнатуға және трансформатор сатып алуға қаржы бөлінді.
Одан кейінгі кездесу Жаңарық ауылдық округінде өтті. Биыл бұл ауылдық округінің тұрғындары үшін қуанышты жыл. Ауданымызда "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында екі мектеп құрылысы жүргізілсе, соның бірі осы ауылда. 300 орындық білім ордасы биыл пайдалануға беріледі. Осы меткепке дейінгі аумақты абаттандыру, жарық бағаналарын орнату, автокөлік тұрағы тағы да басқа жұмыстарға қаржы бөлінді. Тағы бір маңызды мәселе осы жылы электр желісін жаңғырту жұмыстары да толықтай аяқталады.
Қыркеңсе ауылдық округінде де біршама жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Д.Еркишев, Т.Сүйінішұлы көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына, Е.Тұрсынбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолдарын орнату жұмыстарына қаржы бөлінді.
М.Нәлібаев ауылының тұрғындары жүргізіліп жатқан электр желілерін жаңғырту жұмыстарының уақытылы аяқталуын сұраса, Өзгенттіктер ауылға спорт кешенін салу жөніндегі ұсыныстарын білдірді.