№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық көкейінде сан сауал

Халық көкейінде сан сауал


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауындағы басым бағыттарды халықтың игілігіне айналдыру жолдарын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновпен бірге ауыл аралап, елмен жүздестік. Алдымен Қыраш ауылына табан тіреп, көпшілікпен жүздесу барысында жолдау қызу талқыға түсіп, Әбілғазы Төлегенов халыққа тиімді жолдарды егжей-тегжейлі жеткізе білді.

– Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап бергендей болды. Онда пандемия мен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назараудару керек тігін айтты. Осы ретте, кәсіпкерлік саласы да тәуелсіздігімізбен бірге жаңарып, дамып, жетілдіріліп келеді. Бұл мақсатқа берілетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болатындығын айтты.  Осы қаржыдан сіздерде өз үлестеріңізді алуларыңыз керексіздер. Мысалы, Қыраш ауылына не жетіспейді, соны кәдеге асыру керек. Қазір ауданымызда жүн өндірісін дамытуды қолға алып жатыр. Ауылда барлығы дерлік мал шаруашылығымен айналысады. Орталарыңыздан бір-екі жас буынды осы бағытта дайындап, төрт түліктен қырқып алған жүнді босқа тастамай, кәдеге жаратсаңыздар, пайдасы шаш етектен, – деп, көпшіліктің көңіліне қонымды ақпараттармен бөлісті.
Залға лық толы ағайынның да ойында жүрген бастама болса керек, егде жастағы қарияларымыз өз ойларын ортаға салып, бөлім басшысынан біраз мағлұматтарға қанықты. Осындай әдемі көңіл күймен зырғып отырып, Бірлік ауылына да аяңдадық. Онда да халықтың қарасы аз емес. Уақыт оздырмай, бірден жолдаудағы басым бағыттарға тоқталды.
– Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысының Жолдауында бес басым бағытқа ерекше тоқталды. Біріншісі, 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көбейеді. Екіншісі, шағын және орта бизнес саласын дамыту шараларын қолдауды тапсырды. Үшіншісі, микро және шағын бизнес иелеріне жиынтық жүктемені 25 пайызға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізудің маңызын айтты. Төртіншісі, 2022-2025 жылға дейін музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқасының жалақысын 20 пайызға өседі. Бесіншісі, «Отбасы» банкі қазақстандықтардың баспана алуда жеңілдіктерді қарастыруды тапсырған болатын. Енді, сіздерде осы мүмкіндіктерді пайдалануларыңыз керек. Бірлік ауылына не жетіспейді, оны сіздер жақсы білесіздер. Еңбек етемін деген адамға, мемлекет тарапынан қолдау өте көп. Мәселен, үнді асырауды қолға алып, мемлекет тапарынан грант жеңіп алыңыздар. Бұл ауылда үндік асырайтын ешкім жоқ. Жаңа бастаманы, жаңа істі қолға алсаңыздар, одан түсетін түсімде жоғары болады, – мұндағы ауыл тұрғындарын да бір серпілтіп тастады.
Одан кейін Шалқия аулына бардық. Онда ашық аспан астында, яғни жаңадан бойкөтерген тынығу орнына барып, жиналған көпшілікпен  дидарласып, еркін әңгімеге ұласты.
КездесуЖайылма елді мекенінде жалғасты. Онда бөлім басшысы ауыл белсенділерімен емін-жарқын әңгіме өрбітті. Кездесу барысында әлеуметтік мәселелер жан-жақты сөз болды.
Әсел РЗАЕВА
28 қыркүйек 2021 ж. 1 664 0