№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚАУЫННЫҢ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТІ БАР?

ҚАУЫННЫҢ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТІ БАР?

Жаңақорған ауданы Жайылманың брендтке айналған қарбызымен мақтана алады. Ал, құмның қауынының дәмі бал татады. Қауынның да ағзаға сан түрлі пайдасы бар. "Ауырмаңыз газеті" мынандай қызықты мәлімдеме жасапты. Оқыңыз, пайдалы...
Ең алдымен қауын денедегі майды табиғи жолмен ыдыратып, холестеринді, мал майларынан қалған қалдықты сыртқа қуатын қасиеті бар. Сондай-ақ асқазан, бауыр, бүйрек жұмысының жақсаруына сеп болады. Егер артық салмақтан арылғыңыз келсе таңертең бір стакан күрішті суға пісіріп жеңіз, оған дәм кіргізу үшін соя соусын қосуға болады. Осыдан кейін шамалап қауын жейсіз. Бір апта осылай ете отырып, тәтті сусындар мен майлы астан бас тартсаңыз жақсы нәтиже күтіп тұр.
Ұрып, көгертіп алған, күйіп қалған жерге қауын қабығын жапсырсаңыз тез жазылатын қасиеті бар. Ал мұрын қанаса, одан су ақса қабығын қалыңдау етіп кесіп, танау ішіне тамызуға болады. Көз жиегіне сыздауық шықса қауынның жұмсағын сәл қыздырып, көзді сол буына ұстаса ем. Бас ауыр¬а 200 грамм қауын жұмсағын асықпай жеңіз. Аллергия асқынса бір стакан қауын шырынын жылы суға қосып, соған шомылыңыз. Оны жеті рет жасау керек. 
Бірақ асқазанның, 12 елі ішек жарасы бар, ішектері ауыратыр, қант диабеті белгісі бар жандар қауынды жемегені жөн.
21 шілде 2019 ж. 2 184 0