Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОРАЗАҒА 10 КҮН ҚАЛДЫ

ОРАЗАҒА 10 КҮН ҚАЛДЫ


Көктер мен жерді, таулар мен өзендерді, шексіз-шетсіз ұлан ғайыр атырап пен сай-саланы жоқтан бар етіп, өз құдіретімен жаратқан Алла тағаланың адамдар мен періштелерді жаратудағы мақсаты – өз-өзіне құлшылық жасау екен. Яғни, пенде атаулының бұл пәниге келгендегі мақсаты – уақытша ғана сынақ дүниеде Раббысын танып, оған құлшылық етіп, абзал амалдар жасау болса керек. Ал, сол абзал амалдарды, асыл міндеттерді біз қаншалықты орындап жүрміз? Біздер кешіп жатқан тіршілік игілікке бастайды ма, әлде?...

Әшһәду әл-лә иләһә илаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммадәр расулуллаһ. (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі). Бұл – әлімсақтан асыл дін исламды қабылдаған әрбір мұсылманның білуі тиіс бірінші амал. Ал, екінші парыз – бес уақыт намазды қаза етпей уақытылы орындау. Үшінші парыз – жан басына, мал-мүлкіне қарай жетім-жесір, жоқ-жітікке зекет беру болса, төртінші парыз амалдардың ең қайырлысы болған, сауабы жәннатпен өлшенетін – ораза екен. Бесінші парыз – шамасы жеткенінше қажылыққа бару.
Жалпы, бөліп-жаратыны жоқ. Барлығыда пенде атаулыға міндет. Бұл міндеттен мен де, сіз де, ол да қашып құтыла алмайтынымыз ақиқат. Әркім өзі үшін, өзінің өмірі үшін шама-шарқынша парызын орындайды. Алайда, осынша парыздың ішінен ең сүйікті болып табылатын ораза екен. Өйткені, әрбір пенде бес уақыт намазын, зекетін өзі үшін, өз өмірі үшін орындаса, оразада Алланың разылығы үшін ішіп-жемнен тыйылып, 30 күн ауыз бекітеді екен. Бұл туралы сахих хадистерде «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар, көп Құран оқыңдар. Өйткені, оразада оқылған Құранның әрбір әрпі үшін Хақ Тағала жәннат бақшасынан бір бақша береді» делінген екен.
Рамазан – кешірім мен мейірімділіктің, сабырлылық пен төзімділіктің, мол мүмкіндіктердің айы. Әрбір күнә-қателігі үшін Алладан медет сұрап, шапағат күтетін құл мен Раббысы арасындағы алтын көпір жанданатын қасиетті ай. Отыз күн күлкі мен тамақтан тыйылатын нәпсімен күрес айы. Сондықтан, мұндай сынаққа Жаратқанын сүйген ықыласты жүрек иелері мен ниеті мықты, амалы асыл пенделер ғана төтеп береді. Ал, оразаны тұтас 30 күн бұзбай ұстаудың мынадай шарты бар.

1.Ниеттің беріктілігі. Оразаға деген ықылас-ынта шынайы болуы тиіс. Қанша жерден қарын ашып, әлсіреп, шөлдесе де пенде оразаны бұзбай, керісінше Алладан сабыр мен төзім, жеңілдік сұрай білу керек. Сонда ғана сауаптар еселене түспек.

2.Бос әңгімеден аулақ болып, діни бағыттағы уағыздарды көбірек тыңдап, оразаның пайдасын тереңнен тануға тырысу керек. Бір күнді бос ұйқымен өткізбей, әдеттегідей тіршілікпен айналыса жүріп, құлшылық жасаған пенденің амалы әлбетте қайырлы болмақ.

3.Ауызды құрмамен ашудың пайдасы өте зор. Себебі, Құран аяттарында құрманың пайдасы жөнінде өте көп айтылған, әсіресе таңертең құрма жеген адам кешке дейін сергек болып, ашығуды сезіне бермейді. Әрі медициналық ақпарларда да құрманың құрамында ағзаға қажетті витаминдер көп екені айтылған.

4.Ауызашарда көбірек жамағатпен жиналған абзал. Себебі, ораза тұтушы пенделер жиналған жерде айтылған тілектер мүлтіксіз қабыл болады екен. Әрі 30 күн оразада 20 ракағат тарауих намазын оқудың да сауабы теңдессіз. Бұл ауыз бекітуші пенденің келешек өмірінің тек жақсы жағынан болуын, бәле-жаладан аулақ болуына ықпалы зор.

5.«Ораза кезінде кім өтірік айтуын және өтірікті амалға асыруын тоқтатпайтын болса, ондай адамның тамағы мен сусынынан бас тартқанының Алла үшін қажеті жоқ» (Бұхари). Өтірік, өсек, бос күлкі сынды жағымсыз әдеттер иманды әлсіретіп, оразаның бұзылуына апарады. Сондықтан, осындай жағымсыз әрекеттерді біржола тастауға барынша тырысқан жөн.

6.Дене жаттығуларын жасамаған абзал. Себебі, ол адамды әлсіретіп, шаршата түседі. Көбіне күн, ыстық жерлерден бойды аулақ ұстап, көлеңкені паналаған игі.

7.Көбірек дұға жасаған абзал. Ата-анаға, бала-шағаға, туған-туыс пен бүтін елдің амандығы үшін қол жайып, бата қылған ауыз бекітушінің тілегі қабыл болары анық.

Бұл ораза тұтушыға арналған жеті кеңес. Осы кеңесті берік ұстанып, тыйымнан тыйылып, абзал амалды жүзеге асырушының оразасы жеңіл әрі қабыл болары анық. Қорыта айтқанда, жер бетінен жын атаулы жойылып, көктен періштелер толассыз түсетін қасиетті айдың басталуына 10 күн қалды. Олай болса, әзірден әзірленіп, ниетті берік етуге асық болайық ағайын. Алла үшін тұтқан оразамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай!

Ханзада ТӨРЕХАН.
26 сәуір 2019 ж. 975 0