9×7 неше?
9×7 неше? Сіз білесіз бе? Бұл сұраққа қазір көп көмекші құралсыз жауап бере алмайды. Иә, расында сіз көбейту кестесін қарамай немесе калькулятор көмегінсіз (9×7=) айта аласыз ба? Бұл сұраққа бастауыш және орта сынып оқушылары бұған жауап беруі керек-ақ. Сосын математиктер мен есепшілер (бугалтер) жауап бере алатынына сенемін. Ал қалғаны ше?
Көпшілікке топырақ шашудан аулақпыз. Бірақ, базардағы саудагер калькуляторға, кеңседе отырған қызметшілер компьютердегі есептеуіш құралына арқа сүйейді.
Егер маған сенбесеңіз, кез-келген орта жасты алғымдаған адамға немесе жалындап тұрған жасқа әлгі сұрақты (9×7=)қойып көріңіз.
Көбісі сізге «есімде жоқ» немесе «ұмытып қалыппын» және т.б. деп жауап береді.
«Есімнен шығып кетіпті» деген жауапты жақында достарымнан естідім. Достарыммен бірге түскі ас ішіп отырғанда әңгімеден-әңгіме шығып, «кестені білесін бе?» деген сұраққа тоқталдық. Бірінен кейін бірі ақталып, түрлі сылтаулар айтып, әңгіменің бағытын өзгертіп жіберді.
Сосын «шынымен көбейту кестесін жатқа білетін адамдар азайған ба?», – деп ойландым.
Осының анық-қанығын білу үшін, көршілерімнен, жақындарымнан және т.б. әңгіме үстінде «осы 5×6 көбейткенде неше?», – деп сұрап көрдім. Сонда барлығына дерлігі жауап бере алмады.
Сіздер маған сенбейтін шығарсыздар. Бірақ, біз роботтанып кеттік-ау осы.
Көбейту кестесі мұнын айғағы бола алмасы анық. Бірақ, есте сақтау қабілетіміздің соншалықты төмендегенін еріксіз мойындаймыз.
Ойымыз дәйексіз болмасын деп Аманкелді көшесіне шығып, көше бойында жүрген 20 адамға жоғарыдағы сұрақты қойған едік. Сонда үшеуі қана сұраққа дұрыс сөз қатты. Қалғаны түрлі сылтау айтып, «не істейсін?, «жауап беруге міндетті емеспін» және т.б. жауап берді.
Түйін. Енді бұйрық орындайтын роботтан қандай айырмашылығымыз бар?
Пікір 1