» » Шетелдіктер неге Арал теңізіне келуге құмар?

Шетелдіктер неге Арал теңізіне келуге құмар?

Орталық Азияда туризм орталығы бола алатын жерлер аз емес. Бірі өзінің тау-тасымен, өзен, көл, ормандарымен белгілі болса, бірі көне тарихымен және сәулет өнерімен танылады. Бір қарағанда ешқандай қызығушылық тудырмаса да, туристердің назарындығы жерлер де бар. Мысалы, Арал теңізі. Бұл экологиялық апат болған жер деп есептелсе де, шетелдіктерді тартады. Себебі тартылып қалған теңіздің үстіндегі кемелер, ашық аспан астындағы "Музей" іспеттес. Тengrinews порталының фототілшісі Тұрар Қазанғапов "Арал -2018­" Қазақстан ұлттық географиялық қоғамымен бірге экспедицияға қатысты. Ол QazaqGeography зерттеушілерімен бірге Арал теңізінің тот басқан қайықтардың күйіне куә болып, Назарбаев Университет зерттеушілерінің Оңтүстік және Солтүстік Аралдың гидробиологиялық зерттеулерін сырттай бақылады. Мойнақ қаласы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан аумағы. Бір кездері Мойнақ қаласы портты қала болып есептелді, бұл жерден қайықтар Арал теңізі арқылы мақта мен өзге де тауарларды тасымалдады. Арал теңізі мен Мойнақ қаласының арасы жүз шақырымға алыстаса да, тот басқан кемелер мен қайықтар құрайтын атақты қайықтар "зираты" бұл жайтты ұмыттырмас. Алғашында өзбек шекарасындағы қайық сынығының бөліктерін тұрғындар тасып кететін, бірақ кейіннен ашық аспан астында "Мұражай" ретінде қалдырылды. Бұл жерді тамашалауға келетін ТМД және өзге ұлт өкілдерінің саны жыл санап артып жатыр. Көптеген атақты шетелдік клипмейкерлер мен музыканттар шөл даланы түсірілім алаңы ретінде қолданады. Арал теңізінің Қазақстан я Өзбекстан жеріндегі қай бөлігіне болмасын келетін туристердің діттеген мақсаты бір. Ол қайықтар "Зираты" мұражайы түнгі көрінісін көру. QazaqGeography экспедициясының барлық мүшесі мен Tengrinews.kz фототілшісі қазақ жеріндегі тартылып қалған Арал теңізі қайықтарын көріп қайтты. Өкініше орай, Өзбекстандағы "Мұражай" көрінісіне сәйкес келмеді. Кезінде бұл теңізде үлкен, кіші қайықтар жүзгенін елестету қиын. Суға жету үшін мыңдаған шақырмнан өту керек Қашықтықты бағындырған соң, жағажайдың көрінісін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осыған қарай, Аралдың туристік болашағы зор екендігі білінеді. Сонымен қатар туристерге арналған киіз үйлер құрылған. Ұзақ жолдан кейін бұл қонақ үй, таптырмайтын демалыс орны секілді. Оның бағасы адам басына бір күнге 10 доллар. Осы жерде Америкадан келген туристерді кездестірдік. Экспедиция Солтүстік Аралға да барды. Бұл жер суының тұздылығы Оңтүстік Аралға қарағанда аз және су асты тіршілік иелеріне қолайлы.
Дереккөз:Kaz.tengrinews.kz
25 маусым 2018 ж. 1 423 0