Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуі тоқтатылды.

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуі тоқтатылды.

Жаңақорған аудандық сотында 18 қыркүйек 2023 жылы азамат Қ-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Қ. 2023 жылғы 18 шілдеде 22 сағат 00 минутта «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Қ» атты ашылған парақшасында жәбірленуші Ш. туралы пікір жазып, жариялап жәбірленуші Ш.-ға жала жауып, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген әрекеттерін жасағаны анықталды.

Сотта қарау барысында құқық бұзушы Қ. жала жабу ойы болмағанын және, өзінің әрекетінде жала жабу жоқ деп санайтындықтан істі тоқтатуды сұрайтынын көрсетті. 

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына  байланысты іс жүргізуі тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қыркүйек 2023 ж. 328 0