№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордада ұлттық домбыра күніне орай гала концерт өтті

Қызылордада ұлттық домбыра күніне орай гала концерт өтті

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi - қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда. 


Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында  Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған "Күй мен күйшi" атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.
Мерекелік кеште "Қара жорға", "Сарыарқа", "Адай" секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
03 шілде 2023 ж. 399 0