№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін ұша алады

Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін ұша алады

Семей орманындағы өртті ауыздықтау кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы мүшелері жыл соңына дейін FlyArystan компаниясының ұшақтарымен тегін қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаза болған отбасылардың мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді.

Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр.
Сондай-ақ авиакомпания Алматы мен Астанадан гуманитарлық жүктерді жеткізуге қолғабыс етуге дайын», – делінген «Самұрық-Қазына» компаниясының Telegram-каналында.

Қаза болған орманшылардың отбасылары, өрт сөндіруге жұмылдырылған мамандар, гуманитарлық жүкті жинаумен айналысып жатқан волонтерлер help@flyarystan.com электронды мекенжайына жаза алады.

Еске салайық, 8 маусым күні тұтанған Абай облысы «Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды. Үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Алапат өртпен күрес әлі жүріп жатыр.
14 маусым 2023 ж. 105 0