№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа субсидиялау жүйесін пайдалану ережелері түсіндіріліп жатыр

Жаңа субсидиялау жүйесін пайдалану ережелері түсіндіріліп жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осы жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы-сүт фермаларын салу жөніндегі оң тәжірибесін республикамыздың басқа өңірлеріне тарату жөніндегі ауқымды жұмыстар басталатынын айтты. Осы мақсаттарға 100 млрд. теңге бөлінді. Соның есебінен 65-ке жуық тауарлы-сүт фермаларының құрылысы қаржыландырылатын болады. Бұл сүт өндіру көлемін кемінде 373 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.


- Фермерлердің ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік жүйесі енгізілді. Ол фермерлерге тегін негізде қызмет көрсететін болады және негізгі мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау есебінен ұсынылатын құжаттардың саны қысқарды. Бұл жүйені қолданысқа енгізудің бастапқы кезеңінде оның жеке функцияларында белгілі бір ақаулар мен кемшіліктер болғанын жасырмаймын. Ол негізінен фермерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлерін оқытуда жіберілген кемшіліктердің салдарынан болды. Қазір бұл олқылықтар жойылуда. Сонымен қатар шаруалар алқаптарды цифрландыру жөніндегі космостық деректерінің дәлдігіне күмән келтіруде. Осы мәселені ескере отырып, жуық арада алқаптардың электрондық карталарын беру туралы талаптарды ережеден жыл аяғына дейін уақытша алып тастау туралы шешім қабылдадық. Қазіргі сәтте Министрлік қызметкерлері осы аймақта тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа субсидиялау жүйесін пайдалану ережелерін қосымша үйретіп жатқанын атап өткім келеді. Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген нақыл сөз бар. Жұмыс барысында осындай кемшіліктерді түзете отырып, осы жаңа жүйенің жұмысын тұрақты түрде жетілдіріп отыратын боламыз. Бүгінгі күні бұл жүйе жалпы штаттық режимде жұмыс істеуде деп айтуға болады ,- деді министр Ербол Қарашөкеев.
14 сәуір 2023 ж. 156 0