Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскер – ел қорғаны емес пе?

Әскер – ел қорғаны емес пе?


Соңғы кезде әскердегі әлемжеттік болсын, өзге де оқыс оқиғалардың салдарынан болған жағдайлар ұл тәрбиелеп отырған ата-ана үшін ауыр тиюде. Былтырдан бастап әскер қатарында жүрген қаншама сарбаз қыршыннан кетті. Бұл – шешімін таба алмай жүрген мәселенің бірі. Қалай десек те, Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір жастың борышы. Азаматтық борышты өтеуге өскелең жастар дайын, бірақ соңғы жаңалықтар жаға ұстатып қойды. Жуырда ауданға Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері арнайы келді. Мақсат – жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарды түсіндіру болды.


«Жаңа Қазақстанның тірегі – айбын­ды жастар» тақырыбында өткен әс­кери-патриоттық акциясына жергілік­ті атқару органдарының өкілдері, қа­рулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен белсенді жастар, оқу­шылар мен колледж студенттері қатысты. Шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы алып, Сыр топырағына келген барша офицерлер мен әскери қонақтарға алдағы жұмыс жоспарына сәттілік тіледі.
Еліміздің бірнеше өңірінде жоспар­ланған ақпараттық-түсіндірме тобын­да ҚР ҚМ Тәрбие және идеология­лық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Ғалымжан Қаршығаұлы, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым де­партаментінің өкілі полковник Қуаныш Зекенұлы, ҚР ҚМ Заң департаменті­нің өкілі подполковник Полатхан Алда­бергенұлы арнайы келді. Делегат жастарды Отан алдындағы әскери па­рызын өтеуге шақыру, әскери қыз­метшілердің әлеуметтік жағдайын жақ­сарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды толыққанды түсіндіру және әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы мол мағлұмат берді.
Сонымен қатар ауданға жұмыс сапарымен келген қонақтар әскер саласындағы медициналық және тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскерге шақыру тізіміне тіркеу тәртібі және әскери есеп пен қызметтің заңнамаларының негізгі ережелері бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде Қазақстан бойынша 800 мыңнан астам әскерге жарамды азамат бар. Жыл сайын 34-36 мыңы әскер қатарына шақырылуда. Өткен жылы күз мезгілінде 18 мың азамат әскер қатарына шақырылған. Ал жалпы көктем және күзгі шақыру мерзімдерін қоса есептегенде олардың жалпы саны 36 мыңға жеткен. Биыл барлығы 110 000-нан астам жас әскери есепке қабылданады деп жоспарлануда. Оның ішінде ауданнан да көктем және күзгі маусымда қабылданатын жастардың қатары бар. Шара соңы әскери-патриоттық ән кешіне ұласты.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

17 наурыз 2023 ж. 324 0