№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2023 жылы жылу және электр коммуналдық тарифтері көтеріледі

2023 жылы жылу және электр коммуналдық тарифтері көтеріледі

Жылу-электр станциялары тозған өңірлерде жылу және электр коммуналдық тарифтері 2023 жылдың екінші жартыжылдығында көтеріледі, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.


Әлібек Қуантыровтың айтуынша, келесі жылдың екінші жартыжылдығында біршама өзгеріс болады. Қазір ЖЭО-ның тозуы мәселесін шешу басты мәселе. Осы орайда тарифтердің көтерілуіне байланысты министрліктің есептеулері бойынша тозу шамамен 15-20%-ға азаяды.
Дегенмен министрлік басшысы тарифтің жылу электр станцияларының тозу деңгейі ең жоғары өңірлерде ғана қымбаттайтынын атап өтті.

«Мысалы, Екібастұзда тарифті 2,5 есеге арттыруды ұсынылды. Әрине, бұл мүмкін емес. Бірақ жалпы тарифті көтеру мәселесін талқылап жатырмыз. Тариф көтеріледі. Басқа амал жоқ. Бірақ әлеуметтік мәселелер ескеріледі, оны халықпен талқылаймыз», – дейді Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында.

Айта кетйік, 20 желтоқсанда энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі 37 ЖЭО-ның 19-ы апатты жағдайда екенін хабарлады. Ал оларға күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге 182 млрд теңге қажет. Осы ретте министр қазір электр станцияларының бекітілген тарифтер бойынша электр және жылу энергиясын сатудан түскен табыстары толыққанды жөндеу жұмыстарын орындау үшін шығындарды өтемейтінін айтты.

28 желтоқсан 2022 ж. 250 0