№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызметке адалдық

Қызметке адалдық


Жаңа Қазақстанды құру бойынша мемлекетте әр бағытта өзгерістер жасалып жатыр. Бастысы, қоғам дамуындағы ауқымды істердің қолға алынып, оларға көңіл бөлініп, кемшін тұстарын түзетуге бет бұрудың басталуы. Енді мемлекет басшысынан бастап, қарапайым жұмысшыға шейін республикамыздың өркендеп дамуы мақсатында түйткілді мәселелерді шешуге ынтымақтаса отырып, ел болып бар қабілетқарымымызбен атсалысуымыз қажет.

  Мемлекеттік қызмет бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, орындау сипатына қарай мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтады.

Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет – дүние жүзі бойынша экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір бөлігі. Өйткені, дамыған елдерде мемлекеттік әкімшілік басқару жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап заманауи, стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыру назардан тыс қалдырылған емес.

Жаңа ғасырда – Қазақстанның алдында мықты экономикалық саяси және әлеуметтік жүйені қалыптастыру бойынша жаңа міндеттер тұр. Аталған міндет бағытында Заңға сәйкес, елдің бірыңғай кадрлық саясаты қалыптасты. Ал ең басты міндетті конкурстық іріктеуді енгізу арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке түсудегі қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша Конституциялық құқықтары жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қызмет толығымен жаңартылып, заман ағымына орай реформаланды. Осыған орай жасаған еңбегіне қарай адал қызмет иелері әділ құрметке де лайық болуға тиісті. Мәселен, педагог статусы қаралып, мектептегі мұғалімдердің қаржылық жағынан да жағдайлары соңғы жылдары жақсартылса, сол сияқты елдегі дәрігер мамандардың да ахуалына көңіл бөлінуде.

Ендігі кезде архив күнінің мерекесі де айтулы дата болып енгізілді. Осының барлығы дерлік мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту болып саналады.

Гүлдана МЕШІТБАЕВА, аудандық архивтің архивисі
02 ақпан 2023 ж. 468 0