№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады

Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады


2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі ақпарат бойынша базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 224 теңгені құрады, деп хабарлайды 
Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың 8 айында қазақстандықтарға 1,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Бұл ретте 2022 жылдың қыркүйегінде ғана республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 244,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 74,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 169,9 млрд теңге бағытталды.


2022 жылғы 1 қыркүйекте базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 224 теңгені құрады.


Қыркүйек айының басында Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 млн 253 мың адам.


«2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74 %-ын, ал 30 жыл болса, онда 94 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді», делінген министрлік хабарламасында.


Айта кетсек, егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.


Еңбек министрлігінде атап өткендей, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соғұрлым жоғары болады.
20 қыркүйек 2022 ж. 466 0