Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов» атты тақырыпта кезекті адалдық сағаты өтті.
Бір мезетте өңірдің 135 мектебіндегі оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған адалдық сабағындағы дәрісті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов пен Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов өткізді.
Қазақстанның халық жазушысы, драмматург, «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерінің иегері – Қалтай Мұхамеджанұлының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен парасаттылық пен адалдық толы ғұмыры дәріс барысында еске түсіріліп, жас ұрпаққа қандай да бір жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығы насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылар сабақ соңында айтылған ақпараттар мен көрсетілген бейнеролик бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сауалдарына жауап алды.