Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 387

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Цифрлық эфирлік телехабар тарату кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр

Цифрлық эфирлік телехабар тарату кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр


Соңғы жылдары технологиялар шапшаң дамып жатыр. Мұны, әсіресе ақпарат жеткізудің жаңа әдістерінің енгізілуінен анық байқауға болады.

«Қазтелерадио» акционерлік қо­ғамының жаңа заманға сай техникалық шешімдерімен 2018 жылдан бас­тап аналогты телевизияны өшіріп, цифр­лық эфирлік хабар таратуға ке­зең-кезеңімен көшу басталды. Бү­гінде жоғары сапалы кескін және дыбыс беретін сигналдар Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақ­стан, Қа­ра­ғанды, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қостанай облыстарының, сон­дай-ақ елорда тұрғындары мен қонақ­тарына, Алматы және Шымкент қала­ларының көрермендеріне қолжетімді. Рес­публика аумағының 92,43%-ы ЦЭТВ-мен қамтылған.

Цифлық эфирлік телевизия де­геніміз не? Қарапайым сөзбен тү­сін­діретін болсақ, бұл – сигналды жет­кізудің жаңа технологиясына көшу. Аналогты сигнал ауылдық жерлерге тек 2-3 арнаны жеткізетін, әрі ауа райы құбылыстарына төзімсіз болатын, соның салдарынан жиі-жиі дұрыс көрсетпейтін.

Цифрлық эфирлік телевизия не­ғұр­лым сапалы кескін мен дыбыс қа­былдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, трансляцияланатын арналардың санын бірнеше есе арттырып, облыс орта­лықтарында 30-ға дейін, ал ең шалғай аудандарда 15-ке жеткізді. Бұ­дан басқа, қазір абонент­терге түр­лі сервистер қолжетімді, оның ішін­де телебағдарлама, қа­ралатын теле­хабардың қысқаша сипаттамасы және т.б.. Бір сөзбен айтқанда, аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшу – көрермендер үшін де, ұлттық оператор ретінде хабар тарататын «Қазтелерадио» АҚ үшін де алға басқан үлкен қадам.

Цифрлық эфирлік телевизия абоненті болу өте оңай. Бұл үшін теледидарға цифрлық сигнал қа­былдайтын жалғау құралы мен дециметрлік антенна жеткілікті. Сіз­дің көз алдыңызға керемет сапамен көрсетілетін отандық арналардың тізімі шығады. Айтпақшы, заманау­и теледидарлардың көбінің ішіне цифр­­л­ық эфирлік сигнал қабыл­да­ғыш са­лынған. Бұл кез келген бағ­дара­ла­маны жалғау құралынсыз кө­руге мүм­кіндік береді. Ең ма­ңыз­дысы, цифр­лық эфир­лік ТВ топтамасындағы арналар тегін таратылады.    
 
Сонымен цифрлық эфирлік теле­ви­зияға көшу дегеніміз – рес­пуб­ликалық маңызы бар қалалар мен облыс ор­талық­тарынан алыс тұра­тын бол­саңыз да, сүйікті хабар­лары­ңызды тегін әрі тамаша сапамен көру мүм­кіндігі.

Қалай қосылуға болатыны және жабдық сатып алу туралы толық ақпаратты www.tsetv.kz сайтынан, сондай-ақ ұялы операторларға тегін
8 8000 800 193 нөмірі немесе 193 нөмірі бойынша хабарласу арқылы ала аласыз.
01 қыркүйек 2022 ж. 224 0