«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әкім еліне есеп берді

Әкім еліне есеп берді


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдер жергілікті халыққа үш ай сайын есеп беріп, елмен етене байланыста болуы керек. Бұл екі жаққа да тиімді. Осылай болғанда ортада өтірік ақпар жүрмейді. Әкім өзнің берген тапсырмасының жай-күйін көзбен көріп, көңілмен тиянақтап, талдаптаразылап отыруына жол ашылады. Бұл ағайын арасында да анау-мынау әңгіме, жел сөзге нүкте қойып, қызыл сөзден нақты іске көшудің анағұрлым нәтижелілігін айқындамақ.

 Осы мақсатта аудандағы 24 ауылдық округті аралап шығуға толық бір апта уақытын бөлген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бастаған жұмысшы тобының кесте бойынша бірінші күнгі бағыты ауданда алғаш қазық қаққан шаруашылықтар қатарында қатарласа тізілген тың алқаптарға бет түзеді. Сапарға шығуға сайланып тұрған қоғамдық көлікке басы өзі болып жайғасып, жанында аудандық мәслихат хатшысы, аудан аппараты қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасынан бөлек халыққа қызмет көрсететін басты салалар – білім, құқық қорғау, медицина, жер қатынастары, КРЭК, БАҚ өкілдерінен құралған топпен діттеген орынға барғанша кеңес құрып, пікір-сұхбат алмасудың өзі көп мәселенің күрмеуінің тарқатылуына сеп. Өйткені бұл аталған азаматтардың барлығының алға қойған мақсат-мүддесі біреу. Туған жер халқының жағдайын жан-жақты қамтамасыз етуге тұғырлы талапты бірлесе отырып бекемдеу.

 Осы топтың құрамында алғаш маңдай тіреген ауылдық округ атауы - Көктөбе деп аталады. Ауданның орталығынан ең шалғайда түтін түтетіп отырған бұл шағын ғана ауыл бұрын Түркістан қаракөл қой шаруашылығы кеңшарының бөлімшесі болатын. Тоқсаныншы жылдардан кейін Көктөбе өз алдына отау көтеріп, ауылдық округ болып қайта құрылымданды.

 Арғы жағасы Балтакөл, бергі беткейі Қандөз бен Қалғансырдың ортасындағы ұядай жерде айрандай ұйып, қозысын жайып, көгенін жамыратып, өз тіршілігі өзінде өсіп-өніп жатқан алақандай ауыл сырт көзге керуен-көштен кейін қалып қойғандай әсер қалдырғанымен, әркімнің туған жері – Мысыр шаһары, түтіні сыздықтап қана шығып жатқан момақан мекен туған жер деп тұрақтап қалған азғантай елдің арқасында аман тұр.

 2002-2005 жылдар өңірімізде «Ауыл жылдары» болып белгіленгені есте. Сол кезеңдері облыс басшылығы ауыл халқына «1000 үй» бағдарламасын ұсынды. Осы кезеңде ауданда 10 жаңа мектеп, 600-дей тұрғын үйлер, мемлекеттік нысандар пайдалануға берілсе, соның бір бөлігі Көктөбеде бой көтерді. Сол кездері асар әдісімен шағын ғана ауыл клубы, оған жапсарлас кітапхана, ауыл әкімінің кеңсесі ғимараты салынды. Бір шатырдың астындағы қабырғасы қанаттас, ұядай үш мекеменің қазір де елге қызметі ұшан-теңіз. 

  Ауылдық әкімдіктің алдында иіріліп тұрған ауыл халқы өкілдерімен еменжарқын амандасқан әкім бұл ауылға бұған дейін де екі мәрте келіп, ел-жер жағдайын көріп кеткен екен. Ал бүгінгі келісте халықпен кездесіп, олардың өтініш-тілектеріне қатысты тиісті салаларға нақ осы жерде тапсырма беру ниетін де жасырмады.

 Талап – бірінші кезекте халықтың жағдайын жасау. Оның ішінде жарық, ауыз су, газ және жол мәселесі туралы аудан бойынша хал-ахуалымызды толық баян еткен Мұрат Жолкелдіұлы одан әрі елді мекенде халықтың өтінішталаптарынан туындайтын мәселелерге назар аударды. Ауылда 100 орындық мектепте 154 бала білім алады. 4 шаруақожалығы, 25 кәсіпкер тіркелген. Әттегенай дегізетін жайт, ауылда жұмыссыздықтан атпалдай азаматтар кәсіп іздеп, өзге қалаларға кетуге мәжбүр. Елде су мәселесі шешілсе, жер берілсе ауылда егін салып, күнкөрісті ажыратуға мүмкіндік мол. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімі Боран Әбуовтың жауабы төмендегідей болды:

– Өзімізде дизельді насос бар, аяқсу мәселесін шешуге болады. канал жағасынан 40-50 га жерді босатып, тұрғындарға берсек, дизельдің майы осы егін салған азаматтардың мойнында, үзіліссіз жұмыс жасауға толық негіз бар.
 Тұрғындардан түскен екінші сұрақ – ауылда жарық мәселесі күрделі, жиі сөніп қалады. Бағаналар, оның кабельдері ескірген. Бұған нақты жауап берген аудандық электр жүйелері мекемесі басшысы Шалқар Рақышев мәселенің 15 қыркүйекке дейін шешілетінін айтты. Ауыл тұрғыны Бердіхан Тұрлыбеков орман шаруашылығы мекемесі жерінен егіндік жер алып беру талабын қойды.

 – Біздің Көктөбе елді мекенінде 643 жан бар. Әрбір отбасына совхоздан 39 соттықтан жер берілген. Біз содан әлі бір жапырақ жер жекеменшігімізге ала алмадық. Осы уақытқа дейін орман шаруашылығымен келісімшартқа отырып жерін пайдаланып келдік. Биыл жылда егіп келген Сумағардың сағасына егін салуға рұқсат бермей қойды. Айналамызда қарамағына жүз гектарлап жекеменшікке жер алған ағайын сырттың адамы. Сонда жергілікті жер халқының не жазығы бар? Екінші мәселе, падаға мал шығарып бақсақ ұрлық болмайды.бірақ жер жоқ. Ал егер малымызды жусанға, сексеуілге салып қоя берсек, меншіктеп алған әлгі жер иелері бөтен жұрт ары жүр дейді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.
 Орман шаруашылығы канал қазады деген 50 га жерді белгілеп беріпті. Ол қазылса мал жайылымы тарылады. Осыған қатысты іс-шаралар ойласылды.

– Кезінде көпшілікке еріп Көктөбеден ешкім көшкен жоқ, – деді Бердіхан қария сөзін жалғап. Ауылдың ынтымағының арқасы. Қараорнында отырып, қамқарекетімізді жалғастыра бердік. Бәріміз жаппай тары ектік. Қауын ектік. Балашағамызды асырап,күн көрдік. Тары егу бізге кәсіп болып қалды. Тары екпесек ішкен асымыз бойға сіңбейді. Сол кезде Көктөбені сөктөбе деп атағандар болды. Көзін біліп, көкірегімізге сіңген осы кәсіпті ары қарай балаларымыз жалғастыра берсе дейміз.
 Ақсақалдың айтып тұрғаны рас. Өйткені бұл атадан қалған ас. Бабаларымыздың сүйген құнарлы асқа ұрпақ қанында да құштарлық болады. Ұлтымыздың осынау тағамының қадірқасиетіне қиянат келтірмей, қияметінен қашпай, бейнетіне бел буып, аумақтай болса да талап қып тары егіп, талқан-сөк дайындап отырған көктөбелік ағайынға рахмет.

Қандөздіктердің қам-қарекеті қалай?

 Бұл ауылдың халқы – жасы мен кәрісі бар ауыл ортасындағы №140 Ғани Мұратбаев атындағы мектеп ауласындағы қаракөлеңкеге қойылған орындықтарға жағалай жайғасыпты. Сол жиылған топқа сәлем беріп, сөзін бастаған аудан әкімі алдымен ел халқын жоспарлы жұмыстармен таныстырды.

Алдымен халыққа аса қажет жарық мәселесі бойынша жеке инвестор тарту арқылы жоба-сметалық құжаттары дайындалып, кенттің орталығында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. – Одан бөлек 9 елдімекеннің жарыққа қажет ақшасы 2 млрд 200 млн теңге , соның ішінде 167 млн. теңге ақша осы Қандөздің еншісінде, – деді ол.

 Одан әрі ауыл халқын толғандырған ауыз су мәселесінің түйіні тарқатылды. Ауыз су мәселесі аудан бойынша толық шешілуі үшін Су ресурстары комитеті арқылы 5 скважина қазу қажеттілігіне орай 584 млн теңге қаражат аудартуға қол жеткізіліп отырғанын, осы жұмысты әрі қарай жалғастыру  мыш комитеттің құзырында, жұмысты да солар тиянақтап беретініні айтты. Келесі жылдың мамыр айына дейін осы жұмыс толық аяқталады деп күтілуде. Сонда 27 елді мекен, ондағы тұрып жатқан 43 мың халық ауыз сумен үздіксіз қамтылады. Бұл туралы әкім былай жеткізді:

 – Аудандағы 35 елді мекеннің 27- сі Талап су торабы мен Сырдария су торабының бойында орналасқан, қалған 7 елді мекен Жиделінің бойында. Оған қажет 780 млн теңге қаражаттың 100 млн теңге ақшасы келіп, мердігері анықталды. Биылға тағы 900 млн теңге қаражатты алуға қол жетсе, жаңадан желі тартылып кентті толық қамтуға болады. Сонда екі жақтан қамтылып, су мәселесі толық шешіледі.

 Әкім одан әрі газ мәселесіне тоқталды. Жаңақорған кенті тұсында газ тарату автономды стансасынан тартылған 20 мың кубтық қондырғының орнына 40 мың кубтық газ беретіндей жұмыс жасап жатырмыз. Егер ол іске асатын болса, сонда осы қосымша қосылатын көлемнен Қожакент ауылынан бастап бергі ауылдарды газбен қамтуға мүмкіндік туады.

 Жалпы ауданда газдандыру қарқыны 2015 жылдан бастап тоқтап қалған.Бірдебір елді мекенге газ жүргіізілген жоқ. Нақ бүгінгі күні Бірлік пен Қыраш ауылын газдандырудың қаржысы толық шешіліп, жұмыс жүргізіліп жатыр. Одан бөлек өз бюджетімізден Шалқия, Құттықожаны газдандыру жұмысын жүргізу құрылысына ақша бөліп, тендері жарияланды. Шалқия мен Төменарықты газдандыруға мердігер анықталса қазан айына аламыз деп жоспарлап отырған қаржының жұмысы басталып кетуі тиіс. Республикадан келген ақшаны игеру мәселесіне осылайша алдын-ала әзірлік жүруде.

 Газды Төменарыққа жеткізу ең қымбат жоба екенін айтты. Оған 2 млрд теңге қажет екен. Шиелі АГРС-нен 12 км қашықтықта жоғары сыйымдылықтағы газ трубасы тартылады. Бірақ осының арқасында жолдағы 5 елді мекен 100- 200 млн теңгемен ғана газбен қамтылып қалар еді. Сондықтан жолдағы осы 5 ауылға да жоба-сметалық құжаты жасалуы тиіс. Осы бағытта мемлекет қаржысын сүйемелдеуге байланысты жеке кәсіпкерлермен де жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Жол мәселесіне келсек, ауылдағы 400 метр жерді тегістеуге қажет 7 млн теңге қаржыны бөлдіруге уәде етті.

 Әкім одан әрі елдімекендегі көтерілген мәселелерге тоқталды. Ауыл халқының спорт комплексіне осы елден шыққан қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың есімін беру жөнінде ұсынысы негізсіз боп шықты. Спорт комплексіне осы салаға қатысы бар азаматтардың есімі берілуге тиіс екен.

 Ауыл тұрғындарының өтініш-тілегі Жаңақорғанға қатынайтын маршруттық көлік мәселесіне келгенде өткірлене түсті. Өйткені екінің бірінің такси көлігін жалдауға қалтасы көтере бермейді. Автобус мәселесін жауапкершілігіне алған азаматтарға қосымша субсидия төленіп отыр. Осындай жағдайда кесте жоспарының орындалмағаны сын болып тұр. Енді алдағы уақытта жергілікті жерден шығатын кәсіпкерге аудандық бюджеттен демеу қаржы бөлінетін болады. Осы шарт оң жамбасына келетін ауыл кәсіпкерімен келісім шартқа отыруға дйынбыз. Бұл әкімнің жауабы. Бұл ұсынысты ауылдықтар қуана қабылдады.

Қаратөбе ауылында не жаңалық?

 Ауыл клубына жиналған жұртшылық алдында есеп берген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы аудан байынша халыққа қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Одан әрі жергілікті халықтың мұңмұқтажына құлақ түрді. Шеткергі ауылдарда негізінен жол мәселесі өзекті екені белгілі. Бұл орайда әкім аудандық маңыздағы жолдардың жаңаланып жатқанын, асфальттанбай қалған 4 жолға республикадан қаржы қаралғанын айтты. Одан әрі «Ауыл – ел бесігі» аясында келер жылға 500 млн теңге қаралмақ, осының белгілі көлемін ауылға бұру жоспарланып отыр.

 Ауылда ұялы байланыс нашар, интернет жиілігі талапқа сай емес. Бұл бағытта Қазақтелекомға тапсырма берілген.
 Елді мекенде электрик маманы қажет. Бар болғанмен айлық аз деп келмей жатыр-мыс. Ауыл клубы ғимаратының еденінің азғантай бөлігін ауыстыруға тура келеді. Міне мәселе. Бұл ретте ауыл әкімінің ұйымдастырушылық қабілетіне әкім қатаң сын айтты. Келер жылы аудандық бюджет қаржысын әкімдері шынайы ынтамен жұмыс істейтін ауылдарға беру қатаң қадағалауында болатынын айтты.

 Ауыл әкімі Жомарт Дүйсенбиев Мұсаханов каналы үстінен қойылған көпірге қосымша тірек қою, осыған байланысты мамандар сараптамасына ұсыныс жасады.

Келінтөбедегі кездесу

 Ел халқымен емен-жарқын әңгімені бастаған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы осыдан үш ай бұрын келіп кеткен кезеңдегі жағдайлардың орындалу деңгейін сарапқа салу мақсатын жеткізді. Ол алдымен жұмысшы құрамда қатарда жүрген ауданның жаңа прокуроры Дабыл Аянұлын таныстырды.

 Аймақ басшысының тапсырмасына орай ең бірініші кезектегі мәселе – халыққа жағдай жасау бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 Келінтөбеде жарық мәселесі күрмеулі күйінде тұр. 9 елді мекенге 2 млрд 200 млн теңге қажет болса соның 397 миллионы осы Келінтөбеге жоспарланып тұр. Қазір жобалары жасалып тапсырылды. Қазан айында осы бағытқа қаржы бұру жағына жұмыс жасағалы отырғанын жеткізді.

 Әкім ауылдықтардың екінші мәселесі – көшелерді асфальттау жөнінде нақты жауаптарын берді. Ауылда 31 млн теңге қаржы бөлінген Алтынсарин көшесінде жұмыс жүріп жатыр. Бірінші кезекте мектепке баратын жол, одан соң амбулаторияға, балабақшаға баратын жолдар қаперге алыну керек. Ауданға бөлінетін 500 млн теңге қаржының  нен бұл ауыл да ескерілетінін айтты. Ауылдан көшіп кеткен тұрғындардың иелігінен жерді алып беру бойынша да сауалдар көп. Бұл мәселелер қайткенде детек соттың шешімімен реттелетін заңдылығын айтты.

 Ауыл халқын ауурухана мәселесі де толғандырады. Ауылда жедел жәрдем стансасы, дәрігер жоқ, 5 орындық болса да аурухана жұмыс жасасын деген талап қойған азаматтарға аудандық денсаулық сақтау саласы басшысының берген жауабы мынау: Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативке сәйкес бұл елді мекенде жедел жәрдем стансасы және аурухана ашу мүмкін емес. Халық санына орай аурухана ең кемінде 20 төсектік болып ашылады. Тәулік бойы бақылауды қаажет ететін науқастарды Келінтөбенің емханасында ұстап тұру мүмкін емес, аудан орталығындағы ауруханаға жатқызылады. Қазір облыстан жедел жәрдем сұрап жатырмыз, ол үшін екіүш ауылға ортақ 20 мың адам болғанда бір подстанция тәулік бойы отыратын болады. Бұл жерде екі аймаққа бір дәрігер керек, ол қыркүйек айында келетінін айтты
Аудан басшысы жиын соңынан ауыл халқына жеке қабылдау өткізді.

Түгіскендіктер тік тұрып тыңдады

 Әкім мен халықтың кездесуінің форматы өзгеріп, жұртшылық баяғыдай залда жиналып, мінберде тұрып оқылатын құлаш-құлаш баяндама тыңдап емес, таза ауаада еркін сұхбат түрінде пікір алмасуға да дағдыланып қалды. Аудан басшысы барған ауылдарда табаннан тік тұрып, ел алдында есеп берсе қарапайым халық аулада жағалай қойылған орындықтарға жайғасып, емінеркін сауалдарын қоюда. Осы тәртіп Түгіскен ауылына келгенде күрт өзгерді. Аудан басшысын отырған орнынан тік тұрып қарсы алған ауылдағы ақсақалдар мен ел ағалары, жастар жағы қайта тізе бүкпеді. «Сіздер отырыңыздар. Мен сіздерге осылай тік тұрып жауап берейін» деп мезіреті жасаған әкімге «Жоқ, шырағым, елдің басшысы аяғынан тік тұрғанда біз қалай отырайық» деген жауапты естіді құлағымыз. Бұны ізеттіліктің, басшыны сыйлаудың бір белгіісі санап көңіл сүйсінгенін де жасырмаймыз. Тіпті барша әдептіліктің, ел ынтымағының басы осыдан, бір-бірін құрметтеуден басталмай ма?

 Бұл ауылда мал жайылымы мәселесі өткір болып тұр. Ауыл халқының құзырлы орындарға өтініші – мал жайылымы үшін елді мекеннің маңы 5 км радиусқа ашылу керек. Бірақ бұл жерлер бүгінде түгелдей жеке шаруашылылықтардың иелігінде. Сонда тұрғындар малды қайда жаймақ? Бұл сұраққа жауап берген аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов: «Егін маусымы біткен соң шаруашылық иелері ауыл малы жайылуы үшін есіктерін ашып беруі тиіс» дейді. Елдің айтуынша, оған келісейін деп тұрған шаруа егелері жоқ.

Ауылда жарық мәселесі күрделі. Ескі бағаналарды, трансформаторды ауыстыру қажет.

 Ауылда Абай көшесі және Шарап Зәреров көшесінің жағдайы сын көтермейді екен. Осы екі көшеге көмек сұрайды тұрғындар. Ауыл әкімінің айтуынша, демеуші азаматтар жәрдемімен екі көшенің де жобалықсметалық құжаты жасалып қойыпты. Бұған дейін мүлде көше салынбаған аумақтар кезегімен жасалып келеді. Ал сексенінші жылдары жасалған, мүлде ескірген бұл көшелер қайта қалпына келтіріледі деді ауыл әкімі.



Баян Үсейінова
27 тамыз 2022 ж. 382 0