№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды

Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 82,4 мың бос жұмыс орны және 45,7 мың түйіндеме орналастырылды. Сәуір айымен салыстырғанда бос орындар саны 9,8%-ға, ал өзекті түйіндемелер саны 23,2%-ға төмендеді.

 «Бос орындардың басым бө­­лігін білім беру (6,7 мың бос орын), ауыл шаруашылығы (4,4 мың), өзге де қызметтер (3,8 мың) және денсаулық сақтау (2,8 мың) секторларының кә­сіпорындары орналастырды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың үштен бірі Жамбыл облысына тиесілі», деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталы­ғы» АҚ Cтратегия департаменті ди­рек­торының орынбасары Ұлпан Шегенова. Соңғы айдың қортындысы бойынша еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың құры­лымы орташа білікті мамандар­ға жоғары сұранысты көрсетті, яғни сұраныс (50,8%) ұсыныстан (35,5%) 1,4 есе асып түсті. Алай­да осы жылдың басы­­нан бері байқалған еңбек нары­ғы­ның қажеттіліктері мен білік­тілігі тө­мен кадрлардың болуы ара­сындағы теңгерімсіздік күшейді – біліктілігі төмен еңбекке ізде­нушілер орналастырылған бос жұмыс орындарына (40,2%) қара­ғанда 1,5 есе көп (28,4%). Айта кету керек, жоғары білікті мамандар тарапынан еңбек ұсы­нысы (24,3%) сұранысқа сәйкес келеді (20,9%).
 «Мамыр айында жүргізу­шілер (3,9 мың бос орын) және күзетшілер (1,9 мың бос орын) ең көп сұранысқа ие болды. Сонымен қатар медицина қыз­мет­керлеріне, атап айтқанда дә­рі­герлерге (2,5 мың бос жұмыс орны және 857 түйіндеме), орта медицина қызметкерлеріне (1,9 мың бос жұмыс орны және 774 түйіндеме) және санитарларға (1 мың бос жұмыс орны және 327 түйіндеме) деген үлкен қа­жеттілікті атап өту қажет», деді Ұ.Шегенова.
 Өткен айда бос жұмыс орын­­­дарының саны төрт өңірде төрт­тен бірге азайды. Олар Түр­кістан (-26,5%), Маңғыстау (-24,2%), Қызылорда (-23,7%) және Павлодар (-22,9%) об­лыс­тары. Егер орналастырылған бос жұмыс орындарының саны бойынша өңірлерді бағалай­тын болсақ, жұмыс берушілер­дің ең жоғары белсенділігі Нұр-Сұлтан (10,2%), Алма­ты (9,4%) қалаларында және Қарағанды облысында (10,5%) тіркелгенін атап өту­ге болады. Қарастырылған аймақ­тар­да ең көп сұранысқа ие қыз­мет­керлерге біліктілігі төмен және біліктілігі орташа мамандар жатады. Сонымен қатар үл­кен қалаларда мамандықтарға деген сұраныс бірдей. Мысалы, Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ларында асханалық жұмыс­шы­­лар, күзетшілер, сатушы-кон­­сультанттар мен кассирлер, ме­­йірбикелер/мейіргерлер, тәр­биешілер мен олардың көмек­шілері және аспаздар үшін бос орындардың ең көп саны орна­ластырылған. Бұл ретте талданып отырған кезеңде іс жүзінде барлық өңірлерде ізденушілер арасында белсенділік төмендеді, ең жоғары құлдырау Шымкент қаласында (-39%), Түркістан облысында (-36%), Батыс Қазақ­стан облысында (-33,6%) және Шығыс Қазақстан облы­сында (-32,5%) болды. Ең бел­сенді ізденушілер Түркістан (түйін­деменің жалпы санының 12,6%) және Алматы (11,5%) облыстарында байқалады.
 Гендерлік бөліністе ерлер (49%) және әйелдер (51%) іс жү­зін­де еңбек нарығында тең дәре­жеде ұсынылған.
«Айта кету керек, мамыр айында дыбыс режиссерлері, ЖОО профессорлары – 2 млн теңге, дирижерлер – 1 млн тең­ге, инженер-конструкторлар мен техникалық директорлар – 840 мың теңге көлемінде ең жо­ғары жалақыға үміткер бол­ды. Сонымен қатар еңбек нары­ғындағы жалақысы жоғары ма­ман­дықтарға мемлекеттік қыз­мет­шілердің кейбір санаттары, жөндеу учаскелерінің шебер­лері, құрылыс учаскелерінің бас­тықтары, жылжымайтын мү­лік агенттері, сатып алу және сату менеджерлері, бас құры­лысшылар, әкімшілік мемле­кет­тік қызметкерлер, экономистер жатады. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары жалақы Нұр-Сұлтан қаласында ұсынылады (орта есеп­пен – 900 мың теңге), Батыс Қазақстан (900 мың теңге) және Маңғыстау (800 мың теңге) облыстарында жүзеге асырылады. Осылайша, өткен айдың қоры­тындысы бойынша жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер тарапынан да эко­номикалық белсенділіктің тө­мен­деуі байқалады. Бірақ еңбек на­рығында күзетшілер, жұмыс­шылар, жүргізушілер және медицина қызметкерлері әлі де жо­ғары сұранысқа ие», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары.
26 маусым 2022 ж. 217 0