» » Зейнетақы төлемдері туралы не білесіз

Зейнетақы төлемдері туралы не білесіз


Қазір бүкіл әлемде жағдай шиеленісіп тұр. Доллар мен еуро бағамдары күн сайын артып келеді, сол үшін жұршылық Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары ретінде зейнетақы жинақтарының жай-күйіне қатысты алаңдаулымыз.

 Бұл БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналардан және есептелетін инвестициялық кірістен құралады. Соңғысы бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады.
 Қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар басқара алады. Олар инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың барлық секторларында, бірқатар валюталарда түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланды.
 Инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал.
 Қайткен күнде де, жинақтарыңыздың сақталуы туралы алаңдаудың қажеті жоқ. ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.
 Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.
 БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/ инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
Түрлі қажеттілік туындап, өз қорына міндетті зейнетақы жинақталады.
 Жеке тұлғалардың зейнетақы активтерін иелену құқығы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, заңда көзделген заттық құқықтар түріне жатады және тек қана Заңда айқындалған мақсаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкін. Зейнетақы активтерін заттық құқықтар санатына жатқызу зейнетақы жинақтарын иеленетін салымшы (алушы) оларды заңдарда көзделген белгілі бір шарттар орындалмаса пайдалана алмайды, әрі оларға билік ете алмайды дегенді білдіреді.
Зейнетақы төлемдерін кімдер алады?
Заңның 31-бабының Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес, зейнет жасына толған әйелдер, зейнет жасы: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61 жас, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61,5 жас, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62 жас, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап-62,5 жас, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап-63 жас бөлінеді.
 2) Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР «Республикалық бюджет туралы»Заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде салымшы 45 жасқа толған кезде;
 3) мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
 4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына), немесе жақын туыстарына емделу үшін және (немесе) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында МЗЖ есебінен төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқы бар Заңның 31-бабының 1-1-тармағында айқындалған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар: егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткіліктілік шегінен артық болса; егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп бойынша 40 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз етсе.
Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.
- жек тұлғаның жинақтаушы туралы дерек көзінде сақтала ма? 
 Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында тұтыну несиелерін төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану көзделмеген.  ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, зейнетақы жинақтарының құпиясы жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер немесе заңды
 Зейнетақы жинақтарын алдын ала баспанаға немесе алдында алған, алмаған адам зейнетақымыз бірдей болады деген сөз рас па? Біздің
елде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда зейнет ақыны бірнеше көзден алу қарастырылған. Бұл мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер – базалық және ортақ зейнетақы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы.
 Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы – бұл мемлекеттен қосымша төлем емес, оның еңбек өтілін ескере отырып, әрбір азамат үшін заңмен белгіленген төлемдер.
Мемлекеттік базалық зейнетақы республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс (ЕТК) шамасының 54 пайызы мөлшерінде төленеді. Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асатын әрбір толық жылы үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 2 пайызына, бірақ 100 пайызынан аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
Бұл ретте ортақ төлем 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға тағайындалады және еңбек өтіліне лайықты етіп жүзеге асырылады.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы 1998 жылдан бастап енгізілді, яғни әрбір азамат еңбек қызметі барысында БЖЗҚдағы өзінің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аударып, одан зейнетақы төлемдерін алады.
Осылайша, БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты, ал бұл өз кезегінде зейнетақы жарналарының мөлшеріне, оларды аудару жүйелілігіне, инвестициялық қызметке байланысты болады. Бұл ретте зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Өз зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді 24/7 тәртібінде жеке кабинеттен және БЖЗҚның немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасынан алуға болады.
Тиісінше, зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және көп жағдайда жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың мөлшеріне байланысты. Әрине, зейнетақы жинақтары біржолғы төлем ретінде алынған жағдайда азаяды. Осы ретте болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін enpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеп шығарып, сол арқылы мерзімінен бұрын алу келешекте зейнетақы төлемдерінің көлеміне қалай әсер ететінін көруге болады.

Оспан Ермек, «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда ОФның операциялық бөлімінің
Жаңақорған кентіндегі қызмет көрсету орталығының бастығы
24 маусым 2022 ж. 233 0