№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зияткерлік меншік қорғалуы керек

Зияткерлік меншік қорғалуы керек


 Еліміз егемендік алғалы бері дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды дейтін болсақ, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Зияткерлік меншік адамның ой-санасымен жасалғанның барлығына қатысы бар өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай-ақ, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар мен үлгілер. Міне, осы аталғандардың барлығы бүгінде заңмен қорғалады. Еліміз Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сол себепті зияткерлік еңбек кез келген адамның жеке мүліктік құқығы немесе жеке меншігі.

  Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында жүзеге асырылады, әрі материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сондай-ақ, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті бөтен адам пайдалана алмауында.
 Зияткерлік меншік құқығы өзге де меншік құқықтары сияқты, авторға өз туындысынан немесе шығармашылық жұмысынан табыс табуына мүмкіндік береді. Бұл мәселе дүниежүзілік адам құқықтары декларациясының 27 бабында нақтыланған. Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 158-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 199-баптарына сәйкес, жауапкершілікке тартылады.
  Бүгінде Қызылорда облысынын Жанакорган ауданаралык әділет баскармасы заңнамалар аясында қарқынды түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Айталық, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушы тұлғалар арасында онлайн кеңестер беру шаралары белсенді ұйымдастырылды.
 Мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде. Өйткені, дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тәрізді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып есептеледі. Сондықтан да, зияткерлік меншіктің болашақта азаматтардың әл-ауқат деңгейін белгілейтін зор ресурс ретіндегі маңызы арта бермек.
С.Ибраев,
Жанақорған ауданаралық  әділет басқармасы басшысының м.а,
«Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі
22 маусым 2022 ж. 354 0