» » Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады?

Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады?

Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет. 
Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында тізбеленген.
Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама жасау мерзімдері Заңның 11-бабында белгіленген). 
Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге дәлелді қорытынды түрінде өтінімді қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарланады.
Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес толық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу фактісін Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды (Заңның 14-бабының 2-тармағы). 
Заңның 45-тармағына сәйкес Уәкiлеттi орган (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем ҚР ӘМ "ҰЗМИ "РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.
Сабит Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық әділет
басқармасының басшысы,
«Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі
27 қаңтар 2022 ж. 1 171 0