№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апталық шолу

Апталық шолу

Жаңақорған аудандық сотында 2022 жылдың 13-20 мамыр аралығында қаралған істерге апталық шолу
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША :
Апта бойы тіркелген қылмыстық істер болмаған.
Осы аптада 3 қылмыстық іс қаралып, аяқталған, оның ішінде 1-қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық санатындағы іс болған, олар;
1. ҚК-нің 346-бабының 1 бөлігімен -1 іс,
үкім шығарылған.
2. ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі
367-бабының 1-бөлігі, 190-бабының
2-бөлігінің 3-тармағымен 1-іс.
3. ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі,
347-бабымен 1-іс.
Тергеу судьясының өкілеттігі бойынша барлығы 5-материал қаралған, олар;
1. «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау
шарасын санкциялау туралы
өтінішхат бойынша – 1- материал
2. Алуды санкциялау бойынша
4-материал
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША:
Түскен талап қою саны- 27
Қайтарылған талап қою- 14
Қаралған азаматтық істер саны-9
Шешім шығарылғаны-2
Сот бұйрығы-1
Қараусыз қалдырылғаны-2
Тоқтатылған істер саны 4 оның ішінде
Медиация тәртібімен - 4
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША:
16 іс түсіп. 13-і қаралған.
2 іс медиациямен тәртібімен
тоқтатылған.
Жаза тағайындалғаны-14 оныің ішінде
Қамаққа алу-3
Айыппұл-7
Көлік құралын басқару құқығынан
айыру-3
1 іс бойынша ескерту жасалды.
Сот өндірісінде қаралған іске тоқталсақ.
Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы К-нің жауапкер К-дан орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаға күтіп-бағу қаражатын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот барысында жауапкер К-ның қызы 2003 жылдың 22 қазанында туған талап қоюшы К-нің жоғарғы оқу орнының күндізгі оқу нысанының 2 курс студенті. Ол 18 жасқа толған. Әкесі К-ның материалдық көмек көрсетпейтінін негіздеп, жауапкер ретінде әкесінен жоғарғы оқу орнын аяқтағанша айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселеленген мөлшерінде алимент өндіруді сұрап, талап қоюмен жүгінген.
Жауапкер К., талап қою арызын ішінара мойындайтынын, себебі қазіргі уақытта, бірінші некедегі балдарына алимент төлейтінін, әйелі жұмыссыз екенін, асырауында кәмелетке толмаған бір ұл және бір қызы барын, айына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінен артық төлей алмайтынын көрсеткен.
Аудандық соттың шешімімен талап қоюшы К-нің жауапкер К-дан алимент өндіру жайлы талап қою арызы ішінара қанағаттандырылды.
Жауапкер К-дан талап қоюшы К-нің пайдасына жиырма бір жасқа толғанға дейін 22 қазан 2024 жылға дейін ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде алимент өндірілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 мамыр 2022 ж. 353 0