№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тарихтың ақтаңдақ парақтары

Тарихтың ақтаңдақ парақтары


Қазақ халқы қуғын-сүргінді патшалық Ресейдің кезінен бастап бастан кешірді десек, қателеспейміз. Өйткені «аға ұлт» бұратана халықтарға аяушылықпен қарамай, оларды барынша ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағанын тарихтан білеміз. Қазақ жеріне орыс және украин шаруаларын әкеліп төгіп, атамекен жерлерінен айыруы, қайырымдылық деген желеумен қазақтарды шоқындыруы, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орта Азияны мекен еткен халықтардың жастарын қанды қырғынның қара жұмысына айдауы және тағы басқадай қатігездік жағдайлар дәлел бола алады.

Кеңестік кезеңде қазақ халқы ерекше аяусыздықпен басып-жаншылды және оған қолдан қырғын жасалды. 1917 жылы Қазан төңкерісі орнағаннан кейін, қолына билік алған большевиктер алдымен бас көтерер ауқатты адамдарды қуғындай бастады. Малы мен жерін тартып алған адам еріксіз шет елге бас сауғалап қаша бастады. Үдере көшіп, басқа елге, басқа жерге бару дегеніңіз, оңай дүние емес. Жол-жөнекей ұры-қары мен өзара соғысқан Ресейдің қызылдары да, ақтары да аяусыз талаған талай көш қашып құтыла алмай жолда қалып, қырылды. Одан бергі уақытта ұжымдастыру басталып, қара халықтың қолындағы азын-аулақ малын сол қызыл өкімет тартып алды. Қазақ малдан айырылған соң күнін көре алмады. Отызыншы жылдардың басында ашаршылық кесірінен халқымыз баудай қырылды. Түлкі-тышқан тұрмақ, адам етін жеген қатігез заман сол кезде орнап еді.
30 мамыр 2022 ж. 278 0