Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа саяси бағыты оның Сайлауалды бағдарламасы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында орын алды. Ал егер тереңірек үңілер болсақ, онда ол бірінші Жолдауында-ақ заманауи тиімді мемлекет қалыптастыру шеңберінде саяси өзгерістер жүргізуге басымдық бергені белгілі. Президенттің бұл бастамасы Қазақстанда көптеген күрделі және өзекті мәселеге қозғау салуға мүмкіндік жасады. Жаңа саяси бағыттың тұжырымдамалық қырлары, сонымен қатар Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Реформалар жөніндегі жоғары кеңесінің отырыстарындағы сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында көрініс тапты.
Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау еді. Өйткені өркендеудің бірден-бір жолы саяси жүйені тек қана жаңғырту тұрғысында емес, демократия негізінде трансформациялау екендігі түсінікті бола бастады. Президент тұрақты даму қағидаттарын енгізбейінше, елдің, тіптен жалпы адамзаттың, табысты алға басуының мүмкін еместігін түсінді. Оның объективті себептерінің қатарына Тәуелсіздіктің отыз жылында мемлекеттің негізі жалпы қалануын, бізді қоршаған әлемнің ғаламдану заманында жедел өзгеріп, көптеген геосаяси және геоэкономикалық қауіп-қатердің пайда болуын және қазақстандық қоғамдағы осы үдерістердің ұрпақ алмасу кезеңіне дәл келгендігін жатқызуға болар еді. Сондықтан бейбітшілік, игілік, өркендеу, əділдік жəне баршаға ортақ тең мүмкіндіктер сияқты бізді біріктіретін ортақ құндылықтарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл – мемлекетіміздің əлеуетін, оның тəуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың бірден-бір жолы болатын.
Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында заманауи тиімді мемлекет қалыптастыру шеңберінде саяси өзгерістер жүргізуге басымдық берді. Бұл саяси бағыттың негізгі қағидаттары ретінде сабақтастық, бірізділік, əділдік жəне өрлеудің алынуы да заңдылық. Реформаларды жүйелі түрде, популизмге ұрынбай, терең жəне жан-жақты ойластыра отырып жүргізуге де ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа саяси бағыттың іске асырылу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіліп отыр. Саяси реформалар пакеттеріне енген тапсырмалар іс жүзінде орындалып жатыр. Яғни Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сайлауалды уəделері мен айтқан сөздерін екі еткен жоқ. Бұл саяси саладағы реформалардың бастауы болып, бүгінгі таңда қазақстандық саяси жүйені қайта құру үрдісі өз жалғасын тауып келеді. Өйткені Президенттің айтқандарының барлығы заң жүзінде нақтылана түсті. Мәселен, алғашында қабылданған 10 заңның ішінде конституциялық заңдар да бар.
Ақырында бұл үдеріс кең көлемді, кешенді және жүйелі саяси реформаларға ұласты. Президент Қ.Тоқаев жаңа мемлекеттік модельді қалыптастырудың жүйелі іске асырылуы мен тиімді мемлекет құруға көп көңіл аудара бастады. Мұндағы басты мəселелердің бірі азаматтар мен қазақстандық азаматтық қоғам институттарын реформалау жəне оларды мемлекетті басқару процесіне тарту болды. Ондағы мақсат, біріншіден, мемлекет пен оның органдарының жұмысының тиімділігін көтеру болса, екіншіден, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту. Сол сияқты бұл жерде жергілікті өзін-өзі басқару мен оның жергілікті мемлекеттік басқару жүйесімен аражігін шектеу де ескерілді.
Қазақстанда саяси реформалар құр сөз жүзінде емес, нақты іске асырылып жатқандығы ешбір күмән келтіруге келмейтін шындыққа айналып келеді. Ең бастысы – бұл көзқарастар мен идеялар құр айтылған күйінде қалып қоймай, заң жүзінде орындалатын ұстанымдар мен нақты мемлекеттік саясатқа айнала бастады. Оның нақты көрінісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Ұсынылып отырған нақты саяси реформалардың кешені тәуелсіз Қазақстанның демократиялы, ашық және теңгермелі саяси жүйесін қалыптастырып және оны түбегейлі орнықтырудың негізі болмақ.
Мемлекет басшысының осындай батыл қадамдары еліміздегі қоғамдық-саяси қатынастарды азаматтардың ұстанымдары мен құндылықтарын өзгерту негізінде оны жаңаша қалыптастыруға бағытталған. Мұнда мемлекеттік биліктің барлық институттарын реформалау негізінде бүкіл мемлекеттің жұмыс істеуінің тиімділігін көтеруді мақсат етеді. Ендеше аталған саяси реформаларды жүйелі түрде, популизмге ұрынбай, терең жəне жан-жақты ойластыра отырып жүргізуге де ерекше мән беру керек. Өйткені бұл үдеріс жүйелі түрде іске асырылып, Конституция баптарының шамамен үштен бірінен астамын қамтитын болады. Бұрын-соңды болмаған мұндай күрделі де кешенді өзгерістерді батыл әрі жаңашыл қадамдардың қатарына жатқызған жөн. Сондықтан Қазақстанның конституциялық құрылымын жүйелі трансформациялаудың рөлі мен маңызы зор екеніне күмән келтірудің қисыны жоқ. Бұл жерде оның жауапкершілігінің салмағын да естен шығармаған абзал. Аталған үдеріс барысында Президент, Парламент, орталық және жергілікті билік уәкілеттіктерін қайта бөлісу арқылы Парламент палаталарының рөлі мен мәртебесін күшейту мәселелері шешілуі қажет. Жалпы алғанда, президенттік өкілеттікті шектеу Парламент пен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту мақсатында жасалып отырғанын ескерген жөн. Сонымен қатар сайлау жүйесін аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшіру негізінде жетілдіру, партиялық жүйені дамыту, Мəжіліс депутаттарын бір мандатты округ жүйесі бойынша сайлау, депутат мандатын қайтарып алу, облыс əкімдерін баламалы негізде мəслихат депутаттарының келісімімен тағайындау тетіктері енгізілмек. Халықтың мемлекетті басқару әлеуетін кеңейту проблемалары шешілмек. Ал азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі Конституциялық сот құру, Адам құқықтары жөніндегі уəкілге конституциялық кепілдіктер мен иммунитет беру, өлім жазасына конституциялық деңгейде тыйым салу арқылы өз шешімін табатын болады. Қоғамды дəйекті түрде демократияландыру бағытында іске асырылып жатқан осы іс-шаралар мемлекеттің орнықты əрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етері анық.
Президенттің жаңа саяси реформалар жөніндегі бағдарламасының тұжырымдамалық негіздеріне суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты президенттік республика тәсіліне түбегейлі өту, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іс жүзінде орындау жатады. Олар жүйелі әрі кешенді түрде іске асырылып, негізгі саяси институттардың барлығын қамтып, барлық деңгейдегі билік өкілдеріне де, қоғамға да жаңа рухани және моральдық-этикалық ұстанымдар ұсынуы қажет. Саяси реформалардың маңызды тұстарына жер мен оның табиғи ресурстары халыққа тиесілі деген ұстанымның үстемдікке ие болуын, президенттің туыстарына басшылық қызметте болуларына тыйымның салынуын, президенттің партиясыз мәртебесін жатқызу керек. Сонымен қатар оның ерекшеліктері мен бағыттары ретінде президенттік өкілеттікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тартуды, мәслихаттардың рөлін күшейтуді, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету мен сайлау процесін жаңғыртуды, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіруді, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауды, азаматтық қоғам институттарының және БАҚ-тың рөлін күшейтуді, жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының жұмысын реттеуді атап өткен жөн. Демек бұл саяси реформалар ауқымды демократиялық үрдіске айнала бастады дегенді аңғартса керек.
Осыншама ауыр жүк пен жауапкершілікті мойнына ала отырып, Конституциялық реформалардың тəуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа тарауды ашатындығын ескере келе, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы саяси өзгерістерге деген халықтың пікірінің маңыздылығына үлкен мән беріп отыр. Конституциялық Кеңес Президенттің ұсынып отырған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Конституцияда белгіленген талаптарға сəйкес деп тапты. Сондықтан өткізілгелі отырған референдумда азаматтардың белсенділік көрсетіп, оған шығарылып отырған өзекті мәселелерді жан-жақты талқыға салып, әрбір азамат реформаға деген өз пікірін қалыптастырып, дауыс берген кезде саналы және жауапты шешім қабылдаса, сонда одан қазақстандық қоғам тек қана ұтқан болар еді. Нәтижесінде, азаматтардың Қазақстанның тағдырын айқындауға тікелей араласуы қоғамда әлеуметтік серпіліс тудыратыны сөзсіз. Ендеше халықтың өзінің кесімді сөзін айтар кезі келді. Өйткені бұл жаңа саяси өзгерістерді реформа арқылы қабылдау, ол біз қатысып, дауыс беріп жүрген әдеттегі сайлау емес екенін түсінген жөн. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму бағытын айқындау, елдің болашағын жарқын етуді көздейтін кешенді және батыл қадам.
Сонымен саяси реформалар қазірдің өзінде нақты және түсінікті қадамдар жасауға мүмкіндік беріп, мына аумалы-төкпелі заманда әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге және жаңа саяси үлгіге көшуге жол ашары ақиқат. Демек еліміздің дамуындағы жаңа белес болып отырған ауқымды және іргелі Конституциялық реформа барысында билік тармақтарының өзара теңгерімділігі қағидаты негізінде суперпрезиденттік кезеңінде орын алған олқылықтар жойылып, мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог орнығатыны анық.
Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,
қоғам қайраткері