Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жобалар таныстырылды

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жобалар таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды. Ақордаға сілтеме жасап.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.
Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacıbaşı Holdıng, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holdıng, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group, Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayatürk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koç Holdıng, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kımya Sanayı Ve Tıcaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isıklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Çalık Holdıng, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды.
11 мамыр 2022 ж. 430 0