Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Асыл міндетке адалдық

Асыл міндетке адалдық

Баршаға аян, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен XXII съезінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысты қолдады, мұны съезд делегаттары да бірауыздан мақұлдады.
Аманат атауы қазақтың киелі ұғымы, терең маңызға ие. «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген тәмсіл де бар.  Яғни, бабалар аманаты – болашаққа аманат болуы тиіс.  Ол жағдай атау күйінде емес, іспен дәлелдеу нәтижесімен құндылығы арта түседі. Халық игілігі үшін,  мемлекеттік мүдде мақсатында  партияға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. 
Мен осы партиядан сайланған аудандық мәслихат депутаты ретінде сайлаушылар аманатын орындауға міндеттімін. Сондықтан Парламентте, жергілікті мәслихаттарда конституциялық басымдыққа ие, Үкімет пен жергілікті атқарушы билікті қадағалайтын партияның өкілі және депутат болғаныма әрі мақтанамын, әрі  Партия Төрағасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын жергілікті жерде  жүзеге асыруға атсалысамын.
Әсемкүл ТІЛЕУБЕРГЕНОВА,
аудандық мәслихат депутаты
08 наурыз 2022 ж. 477 0