№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электронды аукционға түскен жер учаскелері иесін тапты ма?

Электронды аукционға түскен жер учаскелері иесін тапты ма?



Осыған дейін Сыр өңіріндегі аудандар арасында Жаңақорған алғашқы болып жер учаскелерін электронды аукционмен сату жүйесін іске қосқанын хабарлаған едік.  Яғни мемлекет меншігіндегі босалқы жерлерді онлайн аукцион арқылы жеңімпаздар анықталды.

Аудандық жер қатынастары бө­лімінің мәліметіне сүйенсек, 9 жел­тоқсанда «Ақпараттық есептеу орталығының» порталында аудан бойынша кәсіпкерлік бағытындағы 20 (жалпы бағалау құны 7 млн. 568 мың теңге) жер телімі аукционға шығарылып, 3,6 гектарды құрайтын 17 жер учаскесі 34 млн 760 мың теңгеге сатылды. Ал, 15 желтоқсан 0,10 гектар жер 184 мың теңгелік бағалау құнымен сауда-саттыққа түсіп, аукцион нәтижесі бойынша 1 млн 647 мың теңгеге бағаланды. Демек 10 есеге жоғары өтті. Міне, электронды аукционның артықшылығы осында.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың шілде айында өткізген алқалы жиында кәсіпкерлік бағытындағы 13 гектарды құрайтын 15 жер учаскесі 22,9 млн теңгеге өткенін айтып, тиісті сала басшыларын әр гектарды 1,7 млн. теңгеге сатқанын сынағаны есімізде. Ашық та жария өткен электронды аукционда 3,6 гектарды құрайтын 17 жер телімі 34 млн теңгеден асқанын көруге болады. Осыдан-ақ аукционның бұл түрінің тиімділігін пайымдауға болады.
– Аудан әкімінің бастамасымен Кентау қаласының тәжірибесіне сүйене отырып, жерді электронды саудаға шығардық. Нәтиже жаман емес. 20 жер учаскесінің 18-і өтті. Бірақ осы 18 жеңімпаздың екі қатыушысы жер учаскесін сатып алу – сату шартына қол қоюдан бас тартты. Бұл жерлер келесі аукционға шығарылады. Онлайн сауданың басты ерекшелігі ортада адам факторы болмайды. Біз жерді нақты кім алып отырғанынан бейхабармыз. Жерді алған адам электронды қолтаңба арқылы құжатын рә­сімдейді, – дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Бөлім басшысының сөзінше, екі жеңімпаздың жер учаскесін алудан бас тартқаннан кейін 3,2 гектар жер учаскесі 25 млн 694 мың 497 теңгеге өтіп, нақты меншік иелері белгіленіп, электронды келісім шартқа қол қойған. Демек орта есеппен әр жер учаскесінің көлемін 0,10 гектармен есептегенде 950 мың мен 1 млн теңге аралығында бағаланып отыр.
Хош. Енді тұрғындардың жер сатып алу үшін электронды аук­ционға қалай қатысуға болатынына тағы да тоқталсақ. Кез-келген Қазақстан азаматы, яғни басқа облыс тұрғындары да аукционға қатыса алады. Бұл жоба өзге өңірлерден кәсібін ашқысы келе­тіндерге өте тиімді. Ол үшін  электронды аукционға қатысуға ниетті тұрғын gosreestr.kz сайтына кіріп, жеке кабинет ашып, өзінің электронды мекен-жайын көрсетеді. Сонымен қоса екінші деңгейлі банктегі реквизитін тіркейді. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна төленеді. Ол  мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді. Кепілдік жарнаны алушы «Ақпараттық-есептеу орта­лығы» АҚ. Барлық құжатты тап­сырған соң кепілдік жарнаны төлейсіз, бір жарнаның құны жердің бағалануына байланысты. Мәселен, осы  аукционда кепілдік жарнаның мөлшері 145850 теңге, тек кент¬тегі Ордакент көшесінің бойынан бері¬летін 40 соттық жердің алғашқы баға¬лау құны 1 млн 472 мың теңге бол¬ғаннан соң, жарна мөлшері 220800 теңге¬ні көрсетті. Бірақ, бір кепілдік жарна ар¬қылы бір ғана жердің аукционына түсе алады. Ал, тағы қосымша түскіңіз келсе онда екінші жарнаны төлеуіңізге тура келеді. Мынаны түсініп алу керек, егер сатылымға шығатын жер көлемі «0,2 десе», онда ол – 20 соттық, ал, «0,020» деп көрсетілсе, ол – 2 соттық деген сөз. Сондай-ақ аукционға бір не¬ме-се жар¬ты сағат қалғанда сайтқа кіріп, «сіз қатысуға дайынсыз ба?» деген шығады, осыны басу керек. Егер басып үлгермесеңіз, он¬да қатыса алмайсыз. Айта кететін жайт қатысушы жеңілген төлеген жарнасы өзіне қайтарылады немесе келесі аук¬ционға қатысуға мүмкіндік алады.
Мәселен жеңімпаз болған азаматтың ке¬піл¬дік жарнасы қайтарылмайды. Яғни 145 мың теңге мемлекет меншігіне ке¬те¬ді. Алғашқы жарнаны төлеген азамат аукционға қатысып жеңімпаз атанғаннан кейін 2 жұмыс күннің ішінде жер бағасының 50пайызын төлеуге міндетті. Қалған 50пайызын 1 ай ішінде қайтарады. Егер сол 1 айда қалған қаражат төленбесе, сол қалған қарыздың үстінен үстемақы жүреді.
Жеңімпаз ақшасы 100 пайыз төлеп, барлық құжатын дайындап, жерді жеке меншігіне өткізіп, көрсетілген нысаналы бағыты бойынша іске асырса онда оны жалға беруге немесе сатуға толық құқылы. Ал, жеңімпаз 3 жылдың ішінде жер учаскесін шартта, заңдылықта көрсетілген мақсатта ғана пайдаланбай, мақсатсыз пайдаланса мемлекетке қайта қайтарады.
P.S.: Иә, жер дауы қашанда өзекті мәселе. Өйткені осыған дейінгі офлайн форматта өткен жер аукционына халық күдікпен қарайтыны жасырын емес. Ол жайында ел арасында да айтылып жүр. Дегенмен жаңа жоба бұл күдіктердің барлығын сейілтері сөзсіз. Себебі электронды аук­ционда адамдар бір-бірімен қа­рым қатынасқа түспейді. Жерді кімнің сатып алып жатқаны да белгісіз болдаы. Өйткені құжаттар толық электронды қолтаңбамен рәсімделеді.
Айсұлу АЛДАНАЗАР
25 желтоқсан 2021 ж. 407 0