№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚАЛЫҢМАЛДЫ ҚАЙТАРУДЫ СҰРАҒАН ТАЛАП ҚАНАҒАТТАНДЫРУСЫЗ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

ҚАЛЫҢМАЛДЫ ҚАЙТАРУДЫ СҰРАҒАН ТАЛАП ҚАНАҒАТТАНДЫРУСЫЗ ҚАЛДЫРЫЛДЫ


Сотқа адамдар түрлі талап арыздармен жүгініп жатады.
Оның ішінде ең көп таралған дауларға ерлі-зайыптылардың некені бұзу, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру, банк заем шарттары бойынша міндеттемелерді орындаудан туындаған даулар болып табылады.
Жекелеген жағдайларда сирек кездесетін даулар да болуы мүмкін.
Сондай даудың бірі бүгінгі әңгімемізге арқау болмақ.

Азаматша Н. сотқа жауапкер жұбайы Ұ.-ға мүлкін, киімдерін алып беру жайлы талап арызбен жүгінді. Ол арызында жауапкермен отбасы болып бірге тұрған уақытта үнемі келіспеушіліктер болып, ұрыс-керіс, соңы қол көтеруге дейін барғанын, мінездері жараспаған соң қазіргі уақытта бөлек тұрып жатырғанын, өзінің артынан барған мүлкі мен киімдерін жауапкердің өз еркімен бермей отырғанын негіздеп, мәжбүрлеп алып беруді сұраған.
Талап қоюшы азаматша Н.-ның талабы негізінде азаматтық іс қозғалғаннан кейін жауапкер-күйеу Ұ. жұбайынан оған үйленген кезде қалыңмалға берген 750 000 теңгені өндіруді сұрап қарсы талап қойды.
Соттың тарапынан жүргізілген татуластыру шаралары нәтиже бермей, ерлі-зайыптылар дауды бейбіт жолмен реттеуге ниет білдірмеді.
Істі қарау барысында азаматша Н. тұрмысқа шығуына байланысты оның артынан жатын гарнитуры, сандық, киімдері апарылғаны анықталды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 260-бабының талабына сәйкес меншік иесі өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Осы негізде сот талап қоюшы азаматша Н-ның талабын негізді деп тауып, жауапкер Ұ.-ның заңсыз иелігінен оның мүлкін, киімдерін алып беруге шешім етті.
Ал жауапкер Ұ. өзінің қарсы талабын азаматша Н-ді келін етіп алар кезде қазақы салт дәстүрге сай қалыңмалға 750000 теңге ақшаны, бір тоғызын апарып бергеніне негіздеген. Бұл қаражаттың өзі үшін материалдық шығын болып табылатынын, себебі қазақы салт дәстүрге сәйкес мәміле жасалып, қалыңмал берілгенін көрсеткен. Азаматтық Кодекстің 917-бабының талабына сәйкес мүліктік зиянды оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуі тиіс екенін негіздеп, жауапкер Н-нан қазақы салт дәстүр мәмілесі бойынша төленген 750000 теңге мүліктік зиянды өндіруді сұраған.
Оның аталған ақша қаражатын қалыңмал ретінде бергені сот отырысында жауапкер Н. тарапынан жоққа шығарылмады және куәлердің куәлік түсініктерімен де бекітілді.
Алайда аталған қаражатты талап қоюшы Ұ. жауапкер Н.-ге қарызға немесе уақытша пайдалануға емес, дәстүр бойынша өз еркімен қалыңмал ретінде берген. Жауапкер Н. аталған қаражатқа байланысты талап қоюшының алдында белгілі бір әрекеттерді тиісінше орындауға міндеттелмеген. Ерлі-зайыптылардың арасында түсініспеушіліктің салдарынан болған олардың ажырасуы, өз бетінше қалыңмал ретінде берілген қаражаттың қайтарылуына негіз бола алмайды. Сондай-ақ аталған қалыңмал ретінде 750000 теңгені Ұ. жауапкер Н.-ге бермеген. Оның туыстарына берген жағдайда Н.-мен ол қаражатқа байланысты ешқандай мәміле жасалмаған. Сондықтан сот күйеу жігіттің қалыңмал ретінде өз еркімен берген қаражаты қайтарылуға жатпайды деп шешті.
Соттың шешімімен келіспеген күйеу жігіт оған шағым келтіріп, іс апелляциялық тәртіпте қаралды. Апелляциялық алқа соты бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды және негізді деп тауып, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

P.S. Осы орайда айтпағымыз, соттың міндеті даудың бір тарапын ұттырып, бір тарапты жеңілдіру емес. Қазіргі қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасының міндеттерінің бірі де-тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, яғни олардың татуласуына барынша ықпал жасау болып табылады.
Алайда бұл жағдайда ерлі-зайыптылар судьямен, өздерінің адвокаттарының жәрдемдесуімен жүргізілген татуластыру рәсімдерінде ортақ келісімге келуге қадам жасамай, іс бойынша соттың шешім шығаруын талап етуі қынжылтты. Нәтижесінде сот істі мәні бойынша қарап, жоғарыда аталған шешімді қабылдады.
Дегенмен, осы істі қарау нәтижесі бойынша біздің ойымызға «Сыр сүлейі» атанған ақын Тұрмағанбет Ізтілеуұлының «Өнбес дауды өспес жігіт даулайды» деген нақыл сөзі келе берді.
Бұрынғы аталарымыз «Жеңілмейтін жау, шешілмейтін дау жоқ» екенін айтып кеткен. Ендеше даудың бейбіт жолмен шешілуі де өзімізге байланысты екенін ұмытпайық, ағайын!
17 қараша 2021 ж. 235 0