№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Талап қоюшыға жауап

Талап қоюшыға жауап

Талап қоюшы 9 жеке тұлғаның жауапкер Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне жұмысқа қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру жайлы талап қоюы бойынша қаралған азаматтық ісі бойынша баспасөз парағы
Азаматтық іс бойынша сотта анықталғаны:
Жұмыс берушінің 2021 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен, Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, талап қоюшылар «өндірістік оқыту шебері» қызметінен, «ағаш өңдеу» зертханасының меңгерушісі қызметінен, «әуез жетекшісі» қызметінен қысқартылған.
Оған дейін 2021 жылғы 26 наурызда талап қоюшыларға жұмыс беруші тарапынан Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес штаттың қысқартылуы мүмкін екендігі жайлы хабарлама берілген.
Сот қорытындысы немен бекітіледі:
Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 13-тармағына сай соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай отырып, жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту шын мәнінде жүргізілген-жүргізілмегенін, заңнамалық актілерде көзделген жұмыскерлерді босату тәртібінің сақталған-сақталмағанын, олардың орнына басқа адамдардың алынған-алынбағанын тексеруге міндетті.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығының негізінде, колледж 2021 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісіне көшкен.
Колледжде 2019-2020 оқу жылына қарағанда, 2020-2021 оқу жылы студент саны 25-ке азайып, сәйкесінше студент санының азаюына байланысты қаржыландыру төлемі кеміген.
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 29.03.2021 жылғы №20 бұйрығының негізінде, колледждің қаржылық және штат мәселелерін зерделеу жүргізген білім басқармасының мамандарынан құрылған комиссия мүшелерімен колледжде қысқартуға жатататын қызметкерлердің тізімі жасақталған. Аталған тізімде талап қоюшылардың қысқаруға жататыны көрсетілген.
Колледж штатының шын мәнінде қысқартылғаны 05.01.2021 жылы және 05.03.2021 жылы бекітілген штаттық кестемен расталған.
Талап қоюшылар тарапынан сотқа олардың штаттық бірлігінің қысқартылмағанын, олардың орнына басқа адам алынғандығын бекітетін нақты дәлелдемелер ұсынылмаған.
Жауапкер жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлерді босату барысында еңбек заңнамасының тәртібі сақталғаны анықталған.
Шешім бойынша:
Аудандық соттың 19.10.2021 жылғы шешімімен талап қоюшылардың жауапкер Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне жұмысқа қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру жайлы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
19 қазан 2021 ж. 212 0