№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СОТҚА ДЕЙІН,СОТТА ТАТУЛАСУ- ЖЕҢІЛІС ЕМЕС, БАРЛЫҒЫ ҮШІН ЖЕҢІС

СОТҚА ДЕЙІН,СОТТА ТАТУЛАСУ- ЖЕҢІЛІС ЕМЕС, БАРЛЫҒЫ ҮШІН ЖЕҢІС


Қоғам болған соң дау болмай тұрмайтыны белгілі.
Дау тараптары көп жағдайда бірін-бірі тыңдамастан сотқа сүйреуді қалыпты құбылысқа айналдырған.
Сотқа жүгінген соң сот дауды жан-жақты мәні бойынша қарап, түпкілікті шешім қабылдайды.
Алайда дау болған соң соттың шешімі тараптың екеуін де қанағаттандыруы мүмкін емес. Бір тарап ұтылып, керісінше екінші тарап жеңіске қол жеткізеді. Бұл жағдай дауласушы тараптардың қарым-қатынасын шиеленістіріп, өз пайдасына шешім шықпаған тараптың әрі қарай сот шешімдеріне шағым келтіріп, жоғарғы саты соттарына жүгінуіне тура келеді. Мұның бәрі оның жүйкесін жұқартып, уақытын жоғалтып, сот шығындарына қаражатын жұмсауына әкеліп соғады.
Осы орайда дауларды сотқа дейін немесе сотта татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқтау тараптар үшін ең тиімді тәсіл екенін тағы естеріңізге салғымыз келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің міндеттерінің бірі де тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу болып табылады.
Аталған Кодексте татуластыру рәсімдерінің үш түрі қамтылған. Олар татуласу келісімін жасау, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу және партисипативтік рәсім негізінде реттеу.
Оқырманда партисипативтік рәсім негізінде дауды қалай реттеуге болатыны жайлы сұрақ туындауы мүмкін.
Партисипативтік рәсім бұл дауласушы тараптардың адвокаттарының немесе заң палатасы консультанттарының жәрдемдесуімен жүргізілетін татуласу рәсімінің түрі болып табылдады.
Адвокаттар, заң палатасы мүшелері болып табылатын тұлғалар іс бойынша өзінің өкілеттігін жүзеге асыруға сенім білдірген тұлғалардың өзара татуласуына жәрдемдесіп, даудың бейбіт жолмен реттелуіне тікелей себепкер болады.
Жаңақорған аудандық сотында істі қарауға әзірлік сатысында кезекті дау тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен бейбіт жолмен шешіліп, дауласушы тараптар татуласуға қол жеткізді.
Талап қоюшы сотқа жауапкердің өзінен қарызға ақша қаражатын алып, белгіленген мерзімде қайтармай, өзінің міндеттемесін орындамағанын негіздеп, қарыз сомасын өндіру жайлы талап қоюмен жүгінген.
Азаматық Істі сотта қарау барысында тараптарға олардың дауды өзара татуласып, реттей алатыны, татуластыру рәсімдерінің басымдықтары түсіндірілді.
Соттасудың тиімсіз екенін түсінген тараптар Адвокаттары Д.Турабаевтың, К.Тулепбергеновтың жәрдемдесуімен татуласып, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасады. Оған сәйкес талап қоюшы талабынан бас тартып, жауапкер қарыз сомасын келісімде белгіленген мерзімге дейін қайтаруға міндеттеме қабылдады.
Міне, адвокаттардың жәрдемдесуімен тараптар ұзақ сот процестерінен арылып, істің жылдам әрі тез, екі жаққа қолайлы нұсқада шешілуіне қол жеткізді. Олар өздерінің алтын уақытын үнемдеп, ең бастысы жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалды.
Заңмен татуласқан тараптар үшін қолайлы жағдай қарастырылғанын атап өткеніміз де жөн.
Салық Кодексінің талабына сәйкес тараптар татуласқан жағдайда талап қоюшымен сотқа талап арызбен жүгінген уақытта төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылуға жатады. Осы негізде талап қоюшының шеккен сот шығыны өзіне қайтарылды.
P.S. Бұрынғы билердің басты міндеті кінәліні анықтау емес, дауласушыларды татуластыру,бітімге келтіру болса, қазіргі сот жүйесінің алдына қойылып отырған басты талап та осы болып табылады.
Еліміздің бас судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж.Қ.Асанов өзінің Сот кабинеті сервисін қолданушыларға арнаған үндеуінде атап өткендей “Сотқа дейін немесе сотта татуласу -бұл жеңіліс емес, барлығы үшін де жеңіс. Бұл әсіресе өздеріңіздің балаларыңыз, туысқандарыңыз және жақындарыңыз үшін үлгі болмақ. Жария түрде Соттасқаннан бір- біріңе қарай қадам жасау оңайырақ”.
Ендеше, жеңісті күндеріңіз көп болсын, ағайын! Шегінбейтін жау, шешілмейтін дау жоқ екенін естен шығармайық!
14 қазан 2021 ж. 200 0