№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды


Жаңақорған аудандық
сотында 16 сәуір 2018 жылы азаматша С. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.
         Іс құжаттарына сәйкес 25 наурыз 2018 сағат 01:20 шамасында  азаматша С.Жаңақорған кенті, А.Шонабаев көшесі н/ж үйдің ауласында жәбірленуші Е. шашынан сүйреп ұрып-соғып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.
         Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, жәбірленушінің арызы мен түсінігімен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденіп бекітілді.
         Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10  АЕК көлемінде  24 050 теңге айыппұлды 30 пайызға қысқартып, 16 835 теңге айыппұл салынды.
         А.Оразбаева,
 Жаңақорған аудандық сотының маманы.
18 сәуір 2018 ж. 916 0