№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні



Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы.
Осыны түйіндей келе халықаралық қауымдастық, болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекет аралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты.
Соның нәтижесінде 1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Содан бері, жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Біздің мемлекетіміз өзінің азаматтарының өмірін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі кезде елімізде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі қалыптасқан.
Бүгінде «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс» атты ұранға сәйкес, Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілуде.
Жаңақорған ауданының төтенше
жағдайлар бөлімі
22 ақпан 2021 ж. 2 625 0