Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады.
Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады.
23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.
Осы категория бойынша: «Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? Ақмола облысында апта бойы қатты аяз болады»