№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көбеңшар дегеніміз кім?

Көбеңшар дегеніміз кім?


Ағайындар мен дос-жоралар басқосқан бір сәтте жиен төңірегінде әңгіме болып қалды. Отырғанның бәрі де «жиен», «жиеншар» дегеннен арыға бара алмадық. Журналист болғандықтан талдап бере алмағаныма қатты қысылдым. Себебі халықтың журналистке деген сенімі зор ғой. Қолым бір қалт еткенде кітаптардан, ғаламтордан жиен туралы материалдарды іздестірдім. Таптым.


Көп жасағыр жазушы-журналист, этнограф Төрехан Майбас деген ініміз осы төңіректе зерттеп, жазып, халық игілігіне жаратып жүрген азамат екен. Этнограф былай дейді:
Қыздан туған баланы қазақ – Жиен деген. Жиеннің баласы – Жиеншар.
Жиеншардың баласы– Дегеншар. Дегеншардың баласы – Көгеншар,
Көгеншардың баласы – Көбеңшар, Көбеңшардың баласы – Тебеншар, Тебеншардың баласы – Өлеңшар деп аталады екен.
Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан. Сегізінші ұрпағын қаймана дейді. Демек, ары қарай туыстық қан сақталмайды екен. Нағашыны да жеті атаға жеткізген. Жалпы қазақ туыстық қатынасты жеті атамен шектеп отырған. Жеті атадан аспай қыз алыспау қағидасы осыдан шықан сыңайлы. Осы жерде айта кететін бір жағдай, жеті атадан асқасын қалайда үйлене бер деген сөз емес бұл.. Болмағанда жеті атаға дейін туыстықты сақтау керек деген талап қана (қазіргі кезде 50-60 атаға дейін қыз алысып, қыз беріспейтін рулар жоқ емес)…
Жиен туралы әңгімеге қайта оралайын. Пәнайы себеппен туған жерім Шиеліге жолым түсті. Жиенім Әбділда (үлкен қызапамның үлкен ұлы) 60 жасқа толып, тойына шақырған. Той кешке аудан орталығындағы бір мейманханада өтеді екен.Уақытты босқа жібермей, Нартай ауылында тұратын ұстазым (алғаш әліппені оқытқан) 97 жастағы Сәрсенбек Байжанұлы ағайға барып сәлем беріп, амандығын білдім.
Той өтті дүркіреп. Ертесіне Жақаев ауылында тұратын жиен апама аттандым. Ол кісінің жасы 95-те. Аста, тойда ғана ұшырасып қалғанымыз болмаса, көптен бері көре алмай жүргенмін. Бұрын барып көрмегесін, апамның үйін әр тұрғыннан сұрап әзер таптық.
Негізі 1928 жылы қаланған Жақаев ауылы бұрынғысынан недәуір үлкейіпті. Иіркөл ауылдық округінің орталығы. Көгілдір отынды пайдаланып, қолды ыстық суға малып отыр екен. Небәрі 5 шақырым жердегі аудан орталығы Шиелі кентімен арасын бір көше бөліп, қатар сап түзеп тұр.
Көптен көрмеген жиен апаммен сағынысып қауыштық. Қазақтың дәстүрі бойынша, кенже ұлының қолында екен.Үйдің төріндегі бір бөлмені еншісіне беріпті. Мамық төселген жиналмалы кереуеттің үстіне отыр. Тұсындағы қабырғада гүлді кілем тұтылып тұр.
– Кенже ұлымның қолындамын. Бұл баламнан шөбере, үлкенімнен шөпшек сүйдім. Өткенде ұл-қыздарым 95 жасымды тойлады, бір марқайып қалдым, – деді апам ризалық сезіммен.
Мен жиен туралы білгенімді айтып бердім.
– Сіздің шөпшегіңіз маған Бөгеншер болады. Ары қарай Тебеншар, Өлеңшар болып бітеді. Сөйтіп алыстай береді…Есіміңізді Тұрсын деп білгендей қойған екен. Енді100-ге дейін тұрыңыз, ақыр тұрғасын, – деп сөзімді әзілмен аяқтап, мен де аттандым.
Жуырда жиен апамның қайтыс болғандығы туралы хабар келді. Жарықтық 96 жасында өмірден озыпты… Карантин жағдайына байланысты топырақ салудың сәті түспеді. Иманы серік болсын! Алла алдынан жарылқасын!

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
07 желтоқсан 2020 ж. 658 0