№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылордада коронавирустан жазылған 77 адам донор болуға ынта білдіріп отыр

Қызылордада коронавирустан жазылған 77 адам донор болуға ынта білдіріп отыр

Хал үстінде жатқандарға үміт сыйлау және аурудан құлан-таза айығуға сеп болуға ұмтылатын жандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Қызылорда облыстық қан тапсыру орталығына келетін 22 мыңдай донордың басты ұстанымы осындай. Енді өңірде COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге арналған иммунды плазма қоры жасақталып жатыр. Оны коронавирустан айығып шыққан адамдардың қанынан әзірлейді.
Оқшауланған бөлмедегі өмір, бітпестей көрінген ұзақ емдеу процесі. Динара Адабаева қорқынышты түстей болған осы кезеңді еске алса, денесі түршігіп сала береді. 15 сәуірде тест арқылы анықталған COVID-19 вирусын 40 жастағы әйел қатаң санитарлық талап пен медициналық нұсқамаларды бұлжытпай орындаудың арқасында жеңіп шықты.
3 баланың анасы Динара індеттен арылғандар арасында алғашқы донор атанды. Өзгелердің де ерте сауығып кетуіне үлес қосу азаматтық борышым деп санайды ол.
«Естіген кезде үрей-қорқыныш болды. Балаларымды уайымдап, алаңдадым. Жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен күні тест алынды және 15 күннен кейін тағы алды. Теріс нәтиже болды, жақсы болды. Менің қаным келесі науқасқа ем түрінде беріліп жатыр. Сондықтан барша коронавирустік тізімдегі науқастарға ем болсын дегім келеді», – дейді донор Динара Адабаева.Қан орталығы мамандарының иммунды плазма жасау тәжірибесі мол. Себебі соңғы жылдары конго-қырым безгегіне шалдыққандарға үзбей дайындап келеді. Бірақ коронавирусқа арналған қорға кезкелген адамның қаны алынбайды.
«КВИ ауырған адамдардың қан құрамында антиденелер түзіледі. Бұл дүниежүзілік ғалымдар зерттеуімен дәлелденген. 484 жағдай тіркеліп отыр. Қазір ауырып жатқан науқастарға ауырып кеткен науқастардың плазма сарысуын құю арқылы емдік мақсатта иммунитет көтеру үшін құйылады», – дейді дәрігер трансфузиолог Жұпар Жантұрсынова. «Иммуноплазма вирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатқан науқастарға құйылады. Оған дейін біздің тоңазытқыштарда сақталады. Қажет деп сұратқан емдеу мекемелеріне жіберіп отырамыз», – дейді қан орталығының директоры Серік Игембаев.Аймақтың 346 тұрғыны коронавируспен ауырып шықты. Солардың 77-сі донор болуға ынта білдіріп отыр.
15 маусым 2020 ж. 505 0