№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күнге күйген теріні қалпына келтіру жолдары

Күнге күйген теріні қалпына келтіру жолдары

Қарайып кеттіңіз бе?
Күн көзінде ұзақ жүріп қалсаңыз, ізінше теріңізде біршама проблема пайда болады. Олар: терінің күюі, дақ түсуі, қызару, түлеу. Аталған мәселелерді оңай әрі жылдам кетіретін әдістермен танысып, тез арада теріге көмектесіңіз.

Күйген теріні ағарту жолдары
Қатық
Айран не сүттің артық суы сүзіліп, соңында қалған қоюын теріге қалыңдап жағыңыз. Жарты сағаттан соң бөлме температурасындағы сумен жуып тастайсыз. Процедураны күніне үш рет қайталауға болады. Тек, одан соң күн көзіне шықпауға тиіссіз.
Лимонды су
Лимонның 4-5 тілімін бөлме температурасындағы бір стакан суға салып, 6 сағаттай уақытқа қойыңыз. Осы тұнбамен бетті уүніне бірнеше рет жууға, компресс жасауға болады. Бұл әдіспен бет терісін бастапқы табиғи түсіне бір аптаның ішінде қайта келтіре аласыз.
Лимонды-ақуызды маска
Бұл маска тері реңін ағартып қана қоймай, тері саңылауларын тазартып, тарылтады, қабыну мен безеуді азайтады. Дайындау әдісі: бір жұмыртқаның ақуызын көпіршітіп, оған 30 мл лимон сөлін қосу керек. Осы қоспаны бетке молынан жағасыз (көз айналасындағы теріге жақпаңыз). 8-10 минут ұстаған соң жуып тастаңыз.
Бетке дақ түссе...
Ультракүлгін сәуле теріні күйдіріп қана қоймай, онда секпіл, басқа да пигментті дақтардың пайда болуына да себеп болады. Үй жағдайында қолжетімді заттармен күтім жасау арқылы олардан да құтылу әбден мүмкін.
Көкөніс шырыны
Картоп пен қиярды езіп, шырындарын сығып алып, бірдей мөлшерде араластырып қойыңыз. Осы қоспамен беттің дақ түскен тұстарын жиі-жиі сүртіп, дымқылдап тұрыңыз. Әсері жақсырақ болсын десеңіз, бірнеше тамшы лимон сөлін қосып жіберуге болады.
Ақжелкен тұнбасы
Балғын ақжелкен немесе оның тамырын ұсақтаңыз. Шамамен 2 ас қасығын алып, үстінен бір стакан қайнап тұрған су құйыңыз да, бетін жауып, бір сағатқа тұндырып қойыңыз. Осы сұйықтықпен бетті жиі сүртіп не жуып тұру керек.
Лимон суын басу
Лимон сөлі мен минералды суды тең мөлшерде араластырып қойыңыз. Осы лосьонмен мақта тампонын не дәкені дымқылдап, терідегі дақ үстіне басып 3-4 минут ұстаңыз. Процедураны бір тәулікте 5 ретқайталауға болады.
Терінің қызара бөртуі
Ақшыл-сары реңділердің терісі күн сәулесі әсерінен қызарып кетеді. Бұл жағдай сізге таныс болса, келесі кеңестеріміз кәдеңізге жарайды.
Бал мен даршыннан маска
Терінің қызара бөртіп тұрғанын бал мен даршыннан жасалған маска тез-ақ басады. Ол үшін аталған өнімдерді бірдей мөлшерде араластырып, қызарған теріге жағып қойыңыз. 10 минуттай ұстаған соң жуып тастайсыз. Теріңіз бастапқы табиғи түсінде енгенге дейін күнделікті қайталаңыз.
Қияр мен картоптан маска
Қиярды қабығымен немесе аршылған картопты ұсақ көзді үккіштен өткізіп (блендерде езуге де болады) ботқа секілді етеміз. Қоймалжыңды теріге біртегіс етіп жағып, 15 минуттай ұстаған соң жылы сумен шаю қажет. Егер қиярды езсеңіз, оған аздап сүзбе қосып жіберуге де болады.
Көк шай қайнатпасы
Ащылау етіп көк шай демдеп, суыған соң онымен қызарған теріні жуса, мәселені тез жеңуге көмектеседі. Күніне бірнеше рет жуыңыз. Терінің түсі де, жасушалардың су теңгерімі де қалпына келеді. Күйген терінің қабыршақтануы Күнге күюдің ең қауіпті де ауыр салдары – терінің қабыршақтанып түлеуі. Түлеп түсіп жатқан теріні бір тәулікте қалпына кетіретін құпияны, яғни, бірнеше рецепті біле жүріңіз.

Сұлы жармасынан маска
Сүтке қайнатылған сұлы жармасы ботқасынан 1 ас қасығын алыңыз да, осындай мөлшердегі балмен араластырыңыз. Қоспаға бір шай қасық зәйтүн майын да құйып жіберіңіз. Жақсылап қозғап, теріге жағыңыз. Жарты сағат ұстаған соң жылы сумен жуасыз. Тері сауығып, бастапқы қалпына келгенінше күнделікті бір реттен қайталап отырыңыз.
Косметикалық майлар
Күнге күйіп, түлеген теріні қалпына келтіруге косметикалық майлар да көмектеседі. Ең қарапайым әрі қолжетімді түрлерін-ақ алыңыз. Мәселен, ошаған, майсана немесе бадам майлары. Бөлме температурасында тұрған майларды қабыршақтанған теріге жақсаңыз болғаны. Қайта жуудың қажеті жоқ. Жағылғанына бір сағаттай өткен соң қағаз майлықпен сүртіп тастаса жеткілікті. Асылында, күйген терімен бұлай алысқаннан көрі күюдің алдын алған абзалырақ. Сондықтан, мынадай сақтық шараларын жасап жүріңіз:

*Жағажайға, тынығуға бару, басқа да күн астында болуға тура келетін жағдайларда арнайы күннен қорғайтын құралдармен қаруланыңыз. Ол жақпамай, спрей не басқа болсын, бастысы, сіздің тері тсүіңізге сәйкес келуге тиіс. Тағы бір ескеретін нәрсе – сәуледен қорғау көрсеткіші барынша жоғары болғаны дұрыс. Далаға шығардан жарты сағат бұрын жағып, теріге сіңіріңіз.
*Егер күннен қорғайтын арнаулы құрал қолда болмаса, оның орнын кез келген өсімдік майымен (ең жақсысы – зәйтүн майы) немесе қышқыл сүтті өніммен (айран, қаймақ, сарысу) алмастыруға болады. Аталғандарды теріге жұқалап жағып аласыз.
*Ешқашан күнге шығар алдында арнайы күннен қорғайтыннан басқа косметикалық құрал жақпаңыз. Тіпті, рең беретін крем мен ұнтақ опа да. Пигментті дақтар дәл осылардың себебінен пайда болады.
*Сағат 11.00 мен 16.00 аралығында күн көзінде болмауға тырысыңыз.

10 маусым 2020 ж. 1 584 0