№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Күйі көркем Шәміл

Күйі көркем Шәміл

Бүгін күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдың  туған күні. Ол 1948 жылдың  24 ақпанында  Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауында туған.
Шәміл Әбілтайдың есімі өнерсүйер қауымға жастайынан-ақ белгілі бола бастаған. Себебі ол қос ішекті домбыраның қоңыр үнімен тербеліп, сиқырлы сазына елтіп өскен. Баламайсан табанының ізі қалған қасиетті топырақтан рухани нәр алып, үлкен өнерге қадам басқан. Баламайсан қайтыс болғаннан кейін 43 жылдан соң дүние есігін ашқан бала Шәміл өз құрдастарынан ойының ұшқырлығымен, зеректігімен, құймақұлақтығымен ерекшеленген. Туған атасы Әбілтай да, әкесі Бисенғали да сол аймаққа белгілі домбырашылар болған. Әкесі Бисенғали әулеттегі күйшілік дәстүрді берік ұстанып, бота тірсек, бозбала Шәмілге қалақтай домбыра жасатып беріп, ата-баба өнеріне баулыған.
Ол Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітіріп, 1972 – 1975 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 1985 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық. Құрманғазы қорының төрағасы болған. «Ұлытау»атты күй-кітабы мен «Ордабасы» дейтін күйтабағы шықты. Қазақ телевизиясы бойынша «Yкілі домбыра», «Домбыра дастан» бағдарламаларын жүргізді.
Шәміл Бейсенғалиұлы – «Домалақ ана», «Шақшақ Жәнібек», «Бекет-Ата», «Қыдыр кезген Қызылқұм», «Елбасы»  күйлерінің, «Қожа Ахмет Иасауи», «Жер ұраны – Ұлытау», «Ордабасы», «Құрманғазы – күй дүлдүл», «Мұстафа Шоқай туралы толғау», «Түркістан» музыкалық-толғауларының авторы.
Ол 1980 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған. 1994 жылы Түркияның Измир қаласында өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан (жыршы-жаршы) атағын алған. Шәмілдің Әбілтайдыңкомпозиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады.
24 ақпан 2020 ж. 535 0