№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қожа Ахмет Иссауи кесенесін зерттеген тарихшы

Қожа Ахмет Иссауи кесенесін зерттеген тарихшы

1987 жылдың 4 желтоқсанында атақты археолог, тарихшы, шығыстанушы Михаил Евгеньевич Массон дүниеге келді.
Ол байырғы сәулет өнері ескерткіштеріне толы Самарқанд қаласында жер өлшеуші-топографтың отбасында туған. 1916 жылы Самарқанд гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Петроград политехникалық институтының инженер құрылысшы бөліміне түседі. 1928 жылы Түркістан қаласына келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу барысында басты назарын Қожа Ахмет Иссауи кесенесіне салады. Біршама уақыттан кейін 1930 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамының Сырдария бөлімшесінің басқармасының қаулысымен М.Е. Массонның Қожа Ахмет Иссауи кесенесі жайлы жазылған еңбегі жарық көрді.
1936 жылы археологиядан, 1949 жылы тарихтан докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам тарихи-археологиялық зерттеулерге қатысқан. Оның «Старый Сайрам», «Мавзолей Ходжа Ахмеда Яссави» атты еңбектері – Қазақстанның қалалық мәдениеті ертеден болғанын дүйім дүниеге дәлелдеген кітаптар.
04 желтоқсан 2019 ж. 865 0