№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биік өкшенің зияны

Биік өкшенің зияны

Көп әйелдер биік өкшелі аяқ киімге әуес. Тіпті, әр әйелдің ең кемінде бір биік өкшелі аяқ киімі болатыны белгілі. Көптеген әйелдер «Биік өкшелі аяқ киім ерлерді бойұсындырудың қаруы» деп есептейді. Алайда, денсаулық тұрғысынан алып қарағанда, бұл өз денсаулығын құрдымға жіберетін қару есепті.
Клиникалық сараптау биік өкшелі аяқ киім киетін әйелдердің жасы ұлғайған сайын әртүрлі бүйрек, несеп ауруларына шалдығатынын дәлелдеді. Мұндай аяқ киім кигенде табанға түсетін салмақ артатындықтан, жамбас бөліміне түсетін қысым да екі-үш есеге артады. Сонымен бірге дененің алдыңғы бөлігі мен қуық түбіндегі бұлшық еттердің босауы тездейді. Бұл несеп жолы ауруларының ең басты себепкері.
Әйелдер қауымының ұзақ уақыт биік өкшелі аяқ киім киюі – аяқ сіңірлерінің созылу аралығын қалыпсыз күйге түсіреді. Ал мұндай аяқ киімдерді ұзақ уақыт кию – өзін нағыз қатерге душар еткенмен бірдей. Бұл қалыпсыздық ұзақ уақытқа жалғасса, 40-тан астам әйелдер ауруын тудырады екен.
Жас ұлғая келе аяқ буындарының сырқырап қақсауы, созылмалы сіңір ауруларына да душар етеді.
Ал балиғатқа толмаған жасөспірімдер мен бүлдіршін қыздардың бұл аяқ киімді киюі – бойжету мезгіліндегі қалыпсыз аурулармен қоса, психологиялық ақау тудыратыны тағы бар. Ал Жапон ғалымдары «Балаға биік өкшелі аяқ киім кигізу нәтижесі денедегі зат алмасу мен қан айналысына ықпал етіп, тамаққа тәбеті тартпайтын болады. Сонымен қатар әйел мінезіндегі психологиялық ауруларға душар етеді» дейді.
Аялап өсірген бүлдіршініңіз сау денелі, тәрбиелі, салмақты, сұлу мінезді болып өссін десеңіз, балиғат жасына толудан бұрын биік өкшелі аяқ киімнің зардабынан барынша аулақ ұстағаныңыз абзал.
07 қараша 2019 ж. 806 0