№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Түрегеп су ішудің зияны

Түрегеп су ішудің зияны

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін айта отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі.
Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе, алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе, кейбір ауруларға душар болады», — дейді.
Түрегеп тұрып су ішудің медициналық тұрғыдан зияны болумен қатар бұл жөнінде дінімізде де сүйікті пайғамбарымыз тарапынан айтылған хадистер бар:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588).
«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын», — деген. (Мүслим әшриба хадис 116)
Расулуллаһ алейһиссаламның «Түрегеп су ішуге тыйым салған» деген сөзі Мүслимнің басқа риуаяттарында да «Түрегеп су ішуден қайтарған» деп нақыл етілген. (Мүслим, Әшриба 112, 114)
Су ішер кезде құбылаға қарап, отырып, «бисмилләһ» деп айтып, кесені оң қолға алып ішу керек. Суды да шамадан тыс мөлшерде ішпеу керек, өте ыстық және өте суық сулардан да сақтану керек.
23 қазан 2019 ж. 838 0