№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Семинардың мақсаты айқын

Семинардың мақсаты айқын

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ақбаян» қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен екі бірдей оқыту семинары қатар ұйымдастырылды. Алғашқысы «Зайырлылық  және Дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы» деген тақырыпта «Арман» мәдениет үйінде 42 мектептің пән мұғалімдері жиналды. Онда пән мұғалімдеріне бүгінгі қоғамдағы зайырлылық пен діннің сабақтастығы түсіндірілді.  Айта кететіні, аудандық білім бөлімі басшылығының ықпалымен өткен оқыту семинарына аудандағы барлық мектептің ұстаздары белсенді қатысты.

Оған қоса, «Зайырлылық және дін бір тұтас қоғам» тақырыбындағы Жаңақорған ауданы бойынша барлық мешіт имамдарына имамдардың біліктіліктерін арттыру мақсатында 6 сағаттық оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарына 40-қа жуық мешіттің имамы қатысты. Қос семинарға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гуманитарлық ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасының доценті, шығыстанушы-тарихшы, араб тілінің аудармашысы, ғылыми-әдістемелік мақалалар мен оқу әдістемелік құралдардың авторы Сержан Қарсыбайұлы және аталмыш  университеттің түлегі, дінтанушы, Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының директорының міндетін атқарушы, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Медет Халықов жетекшілік етті.
Оқыту курсы барысында Сержан Қарсыбайұлы, Медет Халықов өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялық құралдарды пайдалана отырып, мұғалімдердің  көкейінде жүрген ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Семинарға қатысушылар тарапынан лектор Сержан Қарсыбайұлына, Медет Халықовқа өз ризашылықтарын білдірді. 
Күлан ӘБІЛТАНОВА,
«Ақбаян» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
12 қазан 2019 ж. 818 0