№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржы жылының соңына дейін 12 жұмыс күні қалды, жылдың аяғына дейін барлық қаржы игеріледі

Қаржы жылының соңына дейін 12 жұмыс күні қалды, жылдың аяғына дейін барлық қаржы игеріледі

   Үкіметтің бүгінгі отырысында республикалық бюджеттің қаржысын игеру мәселесі қаралды, деп xабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÐиниÑÑÑÐ»ÐµÑ Ð¼Ð¸Ð»Ð»Ð¸Ð°ÑдÑаÒан ÒаÑжÑÐ½Ñ ÐµÐºÑ Ð°Ð¿ÑанÑÒ£ ÑÑÑнде игеÑÑге ÑÓде еÑÑÑ

   ҚР Қаржы министрі Әлиxан Смайыловтың айтуынша, биыл он бір айдың ішінде 107 миллиард теңге игерілмей отыр. Аталған қаржының басым бөлігі ҚР Қорғаныс министрілігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрілігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана, Түркістан, Қызылорда мен Шымкент қалалары, сондай-ақ, Маңғыстау мен Павлодар облыстарына тиесілі.

  «Қаражатты игермеудің негізгі себептері - жұмыстар, қызметтер мен тауарларды уақытында жеткізбеу, сондай-ақ, шарттарды ұзақ келісу. Қаржы жылының соңына дейін 12 жұмыс күні қалды. Осы уақыттың ішінде орталық және жергілікті органдар 800 млрд теңгеге жуық қаражатты игеруі қажет. Сондықтан қалған уақытта осы мәселеге аса үлкен назар аударып, белсенді жұмыс атқару керек», - деді Ә.Смайылов.

  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әрбір министрден игерілмей қалған қаржыға қатысты есеп беруді сұрады. ҚР Қорғаныс министрлігі жылдың аяғына дейін 40 млрд теңгені толығымен игеруге мүдделі. Ал ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов игерілмей жатқан қаржының себебін түсіндірді.

   «Бізде 13 миллиард, оның ішінде Ұлттық гвардияның 7 миллиарды. Мына бізде xаттама бар. Қазинжиниринг пен Қазспецэкпорт 20 желтоқсанға дейін заттарды алып келеді. Сосын төтенше жағдайлардың 2,5 миллиарды, оның ішінде 1,9 миллиарды бойынша қазір қаулыны дайындап жатырмыз. Оны қайтарамыз. Полиция бойынша тағы 1,2 миллиард бар. Қазір барлық сатып алған заттарымыз қоймаларда жатыр. Қалғаны 1,2 миллиарды, ол «текущий расxод» дейміз. Оның бәрін орындаймыз», - деді Қ.Қасымов.

  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, басында 11 млрд теңге игерілмей жатты. 10 желтоқсанға дейін 7 млрд теңге жоғары оқу орындарына жіберілді. Ол ақшаға жаңа ақпараттық автоматтандыру жүйесі енгізіледі.

   «Соны дұрыстап толтырмай, содан кішкене уақыт бойынша кешігіп отырмыз. Толығымен орындалады», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі де 8 миллиард теңгесін толығымен игереміз деп отыр. «Соның 2 миллиард 190 миллион теңгесі су шаруашылығында екінші деңгейлі банктерде жатыр. Кепілдіктер керек болып тұр. Мердігерлер әлі ала алмай жатыр. 1 миллиард 600 миллионы актілерді күтіп отыр. Содан кейін ғылым саласында 1 миллиард 200 миллионы анау ВНТК-ның кешіккеніне байланысты. Жылдың аяғына дейін толық жабамыз деп отырмыз», - дейді министр Өмірзақ Шөкеев.

   ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы да 8 миллиард теңгенің игерілмей жатуына себеп болған жағдайларды түсіндірді. Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін барлық қаржы игеріледі.

   «Біздерде негізгі жоспарлар ол - Тәуелсіздік күні, Жаңа жылдың алдында мерекелік шаралар көп қой. Соларға байланысты. Сосын жоғары оқу орындарының жылдың аяғында алатын заттары... Ұлттық музей де бар. Бәрі игеріледі, Бақытжан Әбдірұлы», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

11 желтоқсан 2018 ж. 769 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 10:43
Amoxicillin In Infants Amoxicillin And Alcohol Reaction Amoxicillin Crystal buy cialis online Donde Comprar Cialis Fiable Priligy Modo D'Uso Pharmacie Qui Vendent Deux Viagra Et De Dapoxetine

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 15:26
Propecia Dosificacion Dog Antibiotics Amoxicillin cialis 20 vademecum Furosemide 40 Mg Uses Propecia Marca Viagra rique En Ligne