№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СЫР ӨҢІРІ: ҮЗДІК АЙМАҚ АТАНДЫ

СЫР ӨҢІРІ: ҮЗДІК АЙМАҚ АТАНДЫ


"Атамекен" ұлттық кəсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Ғалымбек Жақсылықұлының жеке парақшасында жазылған жағымды жаңалығымен Сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Өйткені абырой ортақ, нəтиже біреу ғана. Ашықтық қағидатын ұстанған Галымбек Жаксылыков ағамыздың облыс кəсіпкерлері үшін атқарған жұмысы мен ерекше еңбегіне барша Сыр Елінің жұртшылығы риза.
Достар, сіздермен жағымды жаңалықпен бөлісейін! 
Өздеріңіз де білесіздер, жыл басында облыс әкімдігінің, депутаттардың, қоғамдық кеңес мүшелері мен бизнес-қауымдастықтың бастамасымен облыста «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланды. Жақында қолыма республика көлемінде өңірлерде кәсіпкерлік саласының даму барысы туралы статистика түсті.
Жүргізіліп жатқан кешенді кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп отырған деген сөз.
1 тамыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 7 ай ішінде жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілері өңірде өсіп, 10,8% - ға артып, 40 733 бірлік құрап, орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.
Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Тек өткен жылы бұл индекс бойынша біз 16 өңірдің ішінен 10 орында едік. Дегенмен, жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Әлі де алда атқарар жұмыстарымыз жеткілікті. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы бастамасының 3 жылға ұзартылғандығын ескерсек, аймағымызда жұмыссыз азаматтардың қатары азайып, кәсіппен айналысушылар еселенеді деген сенімдемін.
Қазақ «Жүгірген жетер», - дейді.
31 тамыз 2018 ж. 945 0